Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Аталған кәсіби мерекеге байланысты Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков белсенді еңбек етіп жүрген бір топ мақтаулы мемлекеттік қызметшілерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.
«Мемлекеттік қызметкердің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуларыңыз керек. Мемлекеттік органға шағымданған, жүгінген кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш сергелдеңсіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Сондықтан да, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Абыройлы болыңыздар!» — деді, Бейсенбай Тасболатұлы.
Айта кетейік, егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендіріп, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды.
Қазақстанда бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің ішінде алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі түрлі шаралар іске асырылды.
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді «Мемлекеттік қызметшілер күні» деп жариялап, аталған бастаманы еліміз де қолдады.