Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
 Баспанамен қамту жұмысы жыл бойы жалғасады — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

 Баспанамен қамту жұмысы жыл бойы жалғасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету бойынша барлық өңір басшыларына тапсырма бергені белгілі. Президенттің осы тапсырмасы Түркістан облысының аудандарында қалай жүзеге асып жатыр?

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жыл бойы жалғасын табуда, – дейді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов. – Биыл 56 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған үйлер әлеуметтік жағдайы төмен, үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға берілетін болады. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, жаңа пәтерлер арнайы топтағы отбасыларға беріледі. Жұмыстың сапалы болуын әрдайым өзім назарда ұстап отырамын».

Сөзінің дәлелі ретінде аудан әкімі Бақыт Насырханұлы нысан аумағына барып, құрылыстың сапасын қадағалады. Мырзакент пен Атакент кентінде салынып жатқан әлеуметтік үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен 724 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Бұл жұмыстар келесі жылдары да жалғасын табатын болады.

Н. БЕКМҰРАТОВА.