Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
АРЫҚ-АТЫЗДАР БЕТОНДАЛЫП ЖАТЫР — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

АРЫҚ-АТЫЗДАР БЕТОНДАЛЫП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданында арық-атыздар реттеліп, ернеулері бетондалып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай су ресурстарын дамыту, су көздерін сақтау, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары Мырзашөл өңірінде қарқынды жүргізілуде.

Арық-атыздардың екі жақтауы бектондалып қана қоймай, аудандағы барық каналдарға тік және көлденең дренаждар іске қосылуда. Нәтижесінде ыза су азайып, жер асты суы төмендегені байқалып отыр. Бұл еңбегін жерден теріп өскен шаруалар үшін қолайлы болып тұр. Өйткені шығын аз, ағын су құлақтың соңына дейін жетеді. Шаруалар бұл тірліктің шарапатын көре бастаған. Содан да болар, ризашылығын айтып жатқандары көп.

Солардың бірі Рамис Махмудов. Ол отыз жылдан бері диханшылықпен айналысып келеді. Ерте көктемде бақша өнімдерін егуге кіріседі. Ал мақта өсіру оның ата кәсібіне айналған. Оның егін алқабы үлкен каналдың соңғы аумағында орналасқандықтан шіліңгір шілденің ортасында су жетпей, ала жаздай етекен еңбегі еш кетіп, соры қайнайтын. Егістігі көктей солып қиналып қалатын кезі көп еді. Енді міне, аудан бойынша арық-атыздарды бетондау жұмыстары басталғалы етектегі Рамис Махмудовтың егісітігіне де ағын су бейпіл келе бастаған. Бұйыртса келесі жылы каналдардың ұлтаны толық бетондаламақ. Ол кезде судың мөлшері тағы да артатыны белгілі.

Аудандағы арық-атыздарды бетондау жұмысымен қазір үш бірдей мекеме айналысып жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл су шығынан азайтып, құлақ соңындағы егін алқаптарына тіршілік нәрінің жетуіне мүмкіндік береді.

Мақтаарал аудандағы тағы бір жағымды жаңалық, жоғарыда айтып өткеніміздей суды үнемдеу технологиясы кең қолға алынып отыр. Биылдың өзінде 1300 гектардан астам жерге дәнді дақыл тамшылатып суару әдісі арқылы егіліпті. «Басты мақсат суды үнемдеп қана қоймай, жоғары әрі сапалы өнім алу», дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Мақтаарал ауданнда бұрыннан келе жатқан тік және көлденең дренаждар да жөнделіп жатыр. Жылдар бойына жөндеу көрмеген нысандардың әбден тозығы жеткені рас. Салдарынан шаруаға түрлі қолайсыздықтар туындағаны да белгілі. Енді жөнделген тік және көлденең дренаждардың арқасында жер асты суының төмендейді. Осылайша дихандар ерте көктемде ыза судың көтеріліп кетуінен алқапқа егін еге алмай қиналудан құтылады. Жер асты су сорғылары іске қосылып, каналдар бетондалса 8 мыңнан астам шарушылық  агротехнологиялық шараларды уақтылы жүргізіп, дәнді ерте себуіп, ақ алтынды уақтында жинап алуына мүмкіндігі артады. Бұл өз кезегінде аймақтағы аграөнеркәсіптік кешендер жұмысын жандандыра түсері хақ.