Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік! — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!

Біздің мемлекетіміз  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында  мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда.  Жүргізілген іс-шараларды тиімді ету үшін жыл сайын сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көтеретін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Көбінесе парақорлықпен елімізде билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлер айналысып отырғаны белгілі.

Жемқорлық заң бұзушылық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғаладың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері және әскери полициясы арқылы жүзеге асырылады.     Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін call-центр арқылы хабарлай алатындығы  көпшілікке мәлім болды. Қазіргі таңда жемқорлық фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғаларды ынталандырылатын болады. Ал, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлғалар мемлекет қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгісімен іс қозғаудың бір негізі – ол азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық  құқығын қорғауға мінедетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдарына сенім артып, дер кезінде құзырлы орындарға хабарлау керек.  Әрбір азамат өз атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болып, сыбайлас жемқорлықпен барлық қоғам болып бірге күресейік.

З.Азнаева,

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.