Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Қандай опа-далап жағып жүрсіз? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Қандай опа-далап жағып жүрсіз?

Бұл тақырыпты қозғауымызға Қытай еліне барған сапардағы қазақ –неміс «Қымыз» ғылыми-зерттеу институтының директоры, қымызтанушы, кәсіпкер Айтуған Мұқашевтың әңгімесі арқау болды.

Бойын түзеген бойжеткеннен бастап, қартайған апа, әжелеріміздің күнделікті қолданып жүрген неше түрлі жақпа май, опа, далаптарының құрамы жайлы естігеніміз елге ой салар. Айтуғанның айтуы бойынша, әлгі опа жақпа майларға орыстың «ақ қойының» майы қосылады екен. Ерінге  жағатын далаптың ұзақ сақталуының сыры да осында. Бет терісіне сіңген, ерін арқылы ішке енген әлгі майдың әсері болатыны дәлел қажет етпейді дейді ғалым жігіт.

Бүгінгі қоғамдағы кейбір келеңсіз оқиғалар ілгеріде естілмейтін еді. Кісі бетіне тік қарамақ түгілі, кірпігін көтермейтін қазақтың ибалы қыздары мен еркектің етегін баспайтын көркем мінез келіншектердің өзгергенін өмірдің қиындығына сілтей салатын оңай жол тауып алғандаймыз. Беттен алып, төске шапқан шайпау әйелдердің өзгеруіне әлгі жақпа майлар мен ерін бояғыштардың қатысы бар ма екен деп те ойланасың.

Сұлулығын сақтаймыз деп жүріп, әйелдің әдемі жылулығын жоғалтып алған сияқтымыз…

Ақмарал Леубаева,

Әдет–ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері.