Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шымкент: Қоғамдық кеңес не үшін керек? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шымкент: Қоғамдық кеңес не үшін керек?

Аймақтарда облыс, қала, аудан әкімдіктері жанынан қоғамдық кеңес құрылғалы біраз болды. Оған мүше азаматтар да осал емес. Бұрынғыдай «ләппай тақсыр!» деп әкім-қаралардың ығына жығылып, айтқанын жасап, үлкен жиындарда бата берушінің рөлін атқаратын «құрметті қариялар» емес, қазіргі қоғамдық кеңеске елдің қамын жейтін, қоғамдағы кемшіліктерді ашық айтып, оны жоюға көмектесетін азаматтар жиналғаны бар. Кеңестің барлық мүшесі осындай деуден аулақпыз. Әкімдіктегілердің «өз адамдары» да жоқ емес. Олар көбіне билік тарапынан жіберіліп жатқан кемшілікті ашып айтпайды. Қоғамдық кеңестерде қол көтеріп, дауыс беруші санатында ғана жүретіндер. Олар да керек шығар-ау…
Жалпы, қоғамдық кеңесті құрудағы мақсат билік пен бұқараны жақындастыру, елдің шағым-арызына, биліктің назар аударуына ықпал ету, «Естуші үкімет» жобасында айтылған міндеттердің жүзеге асуын күйттеу еді.
Алайда, қоғамдық кеңестер осы миссияны толық атқара алып жүр ме?
Кеше Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтіпті. Жиынға Басқарма басшысы Нұргүл Ақылбекқызы, Антикордың жергілікті Департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлы және қаламызда білім беру мекемелері басшылары қатысты. Сол отырыста кеңес мүшесі, педагогтардың құқығын қоғамдық негізде қорғап жүрген қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы бірқатар ұсыныстар айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкент Қаласының Білім Басқармасы басшысы Нұргүл Ақылбекқызы былтыр күзде актуализация бойынша комиссия құрған. Сол комиссияның анықтауы бойынша салада біраз былықтың бетін ашылған. Оны Қоғамдық Кеңес мүшесі Нургуль Кобланова комиссия отырысында жариялады.
–Бірақ бір ғана комиссияның қаламыздағы 960 білім беру мекемесін түгел аралап шығуы мүмкін емес. Оның үстіне мәселен, менің қаржы жағынан мүлдем хабарым болмағандықтан 2 айдан соң комиссия қатарынан өз еркіммен шығып кеттім. Сондықтан, Қоғамдық Кеңес пен Антикордың жергілікті Департаменті ішіне қаржы саласының мамандары кіретін комиссия құрып, білім саласына бөлінген қаржыға аудит жүргізу керек (2023 жылдың өзінде ғана қаламыздың білім саласына 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген), — дейді Өмір Шыныбекұлы.
Олай болса осы ұсынысты Қоғамдық кеңес назарға алды ма? Кеңес отырысының хаттамасына енгізілді ме? Ендігі мәселе осында болып тұр. Егер назарға алынса, әрі қарай осы ұсыныс негізінде нақты шешім шыққанша бақылауда ұстауы керек.
Себебі бізде мәселені көтеру, ортаға салу, ашық айту бар да ал сол бойынша нақты не атқарылғаны, кемшілікті жою бойынша қандай шешім шыққаны туралы ақпарат мүлдем айтылмайды. Осыдан барып бұқара арасында «Қоғамдық кеңес не үшін керек?», «Олар не тындырады дейсің?! деген сыңаржақ пікір қалыптасқан.
Жиын соңынан әлеуметтік желіде басқарма басшысын тіпті «зум арқылы көруге зармыз» деп жүрген басшылар мен оны естіп «жылағысы кеп жүрген» блогерді ортаға шақырып, армандарын комиссия мүшелері алдында айтуын өтініп едім.
Ешкім шықпады. Біз қаламыздың білім саласындағы жемқорлық және имансыздықпен аянбай күресем деп отырған әкім Ғабит Сыздықбеков мырзаны қолдауымыз керек қой,- дейді қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы.
Ал, сіз қалай ойлайсыз? Білім саласындағы сыбайласқан жемқорлықты жоя аламыз ба? Ол үшін не істелуі керек деп ойлайсыз?