Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Жалғанды заңдастырудың сарыағаштық тәсілі — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Жалғанды заңдастырудың сарыағаштық тәсілі

2023-2024 оқу жылы Сарыағаш ауданының білім саласы үшін жайсыз басталды. Алғаш болып Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды алқалы жиында аты бар да заты жоқ балабақшалардың қалай қаржыландырылып отырғанына сұрау салып, сынға алды. Алғашқы қоңыраудың соғылуына санаулы күндер қалғанына қарамастан жөндеу жұмыстары аяқталу мерзімінен созылып кеткен Панфилов атындағы мектепте болып, кемшіліктерге жол бергендерге қатаң тапсырма берді. Көп ұзамай, қазан айының басында Шәмші Қалдаяқов атындағы мектепте 6 ай ғана директорлық қызметті атқарған басшы жұмыстан кетіп, орнына жергілікті тұрғын тағайындалды. Ал ақпан айы басталысымен Майлықожа атындағы мектепте қызметке кіріскеніне 4-ақ күн болған директорға қатысты шу шықты. Мұны ол «өзіне қарсы рушыл топтардың ұйымдастырған әрекеті» деп бағалады.

Арада тағы екі апта өткенде тағайындалғанына екі жыл толмаған Дархан ауылындағы №33 Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің директоры Жайна Аблаева қызметтен бостылады. Ол кісі де бізге берген сұхбатында рушылдықтың құрбаны болғанын жасырмай айтты. Сонда Сарыағашта бір мектепті кіші жүздер, екінішісін қожалар, үшіншісін қоңыраттар, төртіншісін дулаттар, тағысын тағылар болып иеленіп алған ба деген сұрақ туындайды. Сырттан басқа рудың өкілі барса арыз жазу басталып, тіпті түрлі қитырқұлық әрекеттер жасалуы әдетте айналған ба деген күдікті ой келеді. Сонда сарыағаштықтар үшін өз ұрпағына берілер білімнің сапасы емес, «өз адамдарының» қызметке қонжиғаны маңызды болғаны ма?

Жұмыс істеуге мүмкіндік бермей, шарасыз күйге түскендердің арасында бізге хабарласып, өз шындығын айтып жатқандар да баршылық. Соның бірі, жоғарыда аты аталған Жайна Әбдісадыққызы Аблаеваның шағымын зерттеу мақсатында өткен аптада аталмыш ауданда болдық. Білім бөлімінің басшысы Дәулет Ақатов: «Қайта-қайта арыз жазыла берген соң, ол кісіні жұмыстан босатуға мәжбүр болдық», – деп шарасыздың күйін танытты. Бірақ Жайна Әбдісадыққызы мұнымен келіспейді. «Бар-жоғы екі-ақ арыз жазылды. Оның біріншісі дәлелін таппады, 22 адам қол қойған екінші арыз бірнеше мекемеге қатар жөнелтілген. Қайта-қайта деп отырғандары осы шығар. Онда қол қойғандардың кейбірі арыздан бас тартты. Білім бөлімі тарапынан зерделеу жүргізілгенде менің кінәм дәлелденбеді, яғни жұмыстан шығару туралы қорытынды жасалмады. Соған қарамастан құлақтары тыныш болуы үшін болса керек, бөлім басшысы мені жұмыстан босатты.

Менің кінәм — жұмысты талап еткенім, бөлек оқытылатын пәндердің бірігіп оқытылуына жол бермегенім. 12 ақпан күні бұрын көрілген шараларына қарап Л.Омар мен Б.Алтынбайды, Қ.Исаховты жұмыстан босаттым. Босату жөніндегі бұйрықтарын алмаған соң, почта арқылы үйлеріне жібердік. Алайда, 14 ақпан күні өзімді жұмыстан босатты. Содан бері екі ай өтті, әлгі мұғалімдер әлі де мектепке келіп сабақтарын өтіп, жалақыларын алып жүр. Бұйрықтың директор, еңбек инспекциясы немесе сот арқылы күшін жойған жоқ. Бұл қаншалықты заңды? Мен бөлім басшысының әрекетін заңсыз деп есептеймін. Өз құқымды сотта қорғап, әділдікке жетемін», – деген Жайна Аблаева құжат толтыруда бөлім тарапынан да кемшіліктердің бар екенін айтты.

Жоғарыда жазғанымыздай, соңғы кездері Сарыағаш ауданында рушылдық, трайбализм дерті асқынып бара жатқаны байқалады. Білім бөлімі, әкімдік, полиция, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған тосқауыл қоюлары керек. Әлде кезекті бір Ұлттық Құрылтайда немесе Жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырма береді деп күтіп отыра бере ме?

Арызданушы Ж.Аблаеваның уәжін алға тартпас бұрын, яғни 1 сәуір күні Б.Момышұлы атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы Құрбан Табылдиевке барып, арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша сұрау салдық. Ол кісі жоғарыда айтылған үш мұғалімді жұмысқа келтірмеуге негіз жоқ екенін, дәлірек айтқанда, оларды жұмыстан босатқаны жөніндегі бұйрықты таба алмай жүргендерін айтты. Қабылдап алынды деп түзілген актідегі бұйрық кітапта болмай шыққан секілді. Экс-директор тапсырдым, қабылдау актісі бар десе, міндетін атқарушы жоқ дейді. Осылай «Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар» болып жүргенде 12 ақпаннан бері үш адамға жалақы заңсыз төленіп отыр. Бұл салғырттық па, қызмет бабын асыра пайдалану ма, әлде сыбайлас жемқорлық көрінісі ма? Оны тиісті органдар нақтылап айтып бермесе, біз анығын біле алмадық.

Осы мәселеге қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Ақатов өзі айналысып жатқанын, кінәлілер анықталса шара көретінін баяндаған еді. Осы жерде тағы бір назар аударатын жәйт, 1 сәуір күні аталған үш адамды жұмысқа қайта қабылдау туралы бұған дейін жоқ болған бұйрық, 15 наурыз күнімен пайда бола қалды. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда жалған құжатты қолдан заңдастырып отыр ма?

Жауапкершіліктен қашқандар өткен күнмен бұйрық шығарып, жалғанды заңдастырмақ болды делік. Бірақ 12 ақпан мен 15 наурыз аралығында атқарылған жұмыс пен оған төленген жалақы мәселесі не болмақ? Заңсыз жалақы жазғандардың әрекеті журналист тарапынан әшкере болған соң, бір айлықты қайтарып құйып, жауапкершіліктен сытылып кете бере ме? Бұл жерде жалған құжат жасау дерегі бар емес пе? Біздің пайымдауымызша бұл әрекеттен сыбайлас жемқорлықтың да исі аңқып тұрған секілді.

Сарыағаш ауданында білім бөлімінің есепшісі қамауда деген дерек бар, демек мұндай жағдай жалғыз болмағаны да. Жалғанды заңдастырудың сарыағаштық тәсілі басқа мектептерде де орын алып жатпасына кім кепіл? Өкінішке қарай, бір жалған сөйлеген адам сол жалғандығын жасыру мақсатында келесі өтірікті айтуға мәжбүр болады. Осылай өтірік өздігінен «балалай береді». Ал, жалған сөйлеудің ақыры жақсылыққа апармайтыны айтпаса да түсінікті. Екі дүниеде де…

          Ұ. ТӘМЕНОВ.