Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МЕН ҮЙРЕТЕТІН БІР ӘДІС — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МЕН ҮЙРЕТЕТІН БІР ӘДІС

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты Ә.Науаи атындағы №44 жалпы беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Олима Орзуева «Мен үйрететін бір әдіс» жобасы аясында «Flippity.net» онлайн платформасы, «Пазл жасау», «Себеттегі көбелектер», «Тарсия », «Plickers» әдістерін өз сабақтарында ұсынды.

Жалпы Мақтаарал ауданында білім саласында тың серпін бар. «Білімді ұлт – сапалы білім» ұлттық жобасын жүзеге асыру мен білімге деген құштарлықты дамыту, бала бойындағы қабілетті ояту ісінде озық іс-тәжірибелер қуатталып, мұғалімдердің шығармашылық құлшыныстарына қолдау басым. Содан да болар, аймақта білімді жастар қатары соңғы жылдары артып, білім саласындағы түрлі сайыстардан оқ бойы озып келіп жатқан шәкірттер көбеюде.

Ал, Ә.Науаи атындағы мектептің ұстазы Олима Орзуеваның оқыту әдістері әріптестеріне үлгі, оқушыларға тиімді. Осы әдіс арқылы оқушылар химиялық элементтердің атаулары,олардың қасиеттері туралы ,химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,өнімдерін анықтау барысында өз білімдерін жетілдіреді.Олардың пәнге деген қызығушылықтары ,есте сақтау қабілеттері артады.Алған білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік береді.