Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Елімізде 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай жер-жерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сала мамандарына құрмет көрсетіліп, мәдениеттің майталмандары түрлі марапаттарға ие болды.

Осындай игі-шара Мақтаарал ауданында да ұйымдастырлды. «Мақтаарал» мәдениет үйінде салтанатты кеш өтіп, оған мәденеит және өнер майталмандары арнайы құрметпен шақырылды.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, ауданымыздың барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан жұртшылығының атынан құттықтады.

–Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлеріне зор алғыс айтамын. Мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! — деді, Алтын Күнтуқызы.

Мерекелік кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева және «Мақтаарал» газетінің бас редакторы С.Қалдыбаевтар да мәдениет майталмандарына деген өз құттықтауларын жеткізді. Ауданның мәдени өміріне дем беріп, жарқын істердің ұйытқысы болып, халыққа рухани нәр берудегі, ұлттық өнерді насихаттаудағы талмай еткен еңбектеріне жеміс тіледі.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 10 мәдениет үйінде 123 қызметкер, 17 кітапханада 59 қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттары салынып, ел игілігіне берілуде.

2023 жылы Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде және Жамбыл ауылдық округі Абай елдімекенінде мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттарының құрылыстары салынып, пайдалануға берілді. Сол сияқты биыл Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елдімекенінде және Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елдімекенінде мәдениет үйлерінің құрылысын бастау жоспарлануда.