Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ӘКІМ ШЕКАРАШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ӘКІМ ШЕКАРАШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан бойынша шекара басқармасының әскери базасында болып, осында әскери қызметте жүрген шекарашы сарбаздарды мерекемен құттықтады.

–Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі Ауған соғысында да қазақтың ержүрек жігіттері ерлікпен соғысты. Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл өтсе де сол кездегі жауынгерлер — бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.

Ұлы Отан соғысы, Ауған соғыстарының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу — біздің қасиетті борышымыз болып табылады.

Қазақтың жігіттері небір сұрапыл соғыстарда еліміздің бейбіт өмірі үшін кеудесін оққа тосып, ерлікпен шайқаса білді. Олар қай кезде де үлкен құрметке лайық. Мемлекеттік саясаттың арқасында барлық соғыс және тыл ардагерлерін әлеуметтік тұрғыда қорғау, қолдау шаралары жүйелі іске асып келеді.

Қадірменді жерлестер!

Мемлекетіміздің айбынды мерекесі, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні көңілге шаттық ұялатқан айшықты мейрамның бірі.

Бұл күн – Тәуелсіз мемлекіміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін айырықша мереке. Сарбаздарымыз егемен еліміздің шекарасын күзетіп, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығын қорғауға лайықты үлесін қосуда. Ұлттық әскеріміздің айбыны асқақтап, еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын! — деді аудан басшысы Бақыт Насырханұлы.

Іс-шара барысында аудан басшысы бір топ сарбаздарға өзінің алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, әскери саладағы тың жаңалықтармен танысып, сарбаздармен естелікке фотоға түсті.

Айта кетейік, осыдан 32 жыл бұрын құрылған Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.