Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Бейітті реттейтін де заң керек — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Бейітті реттейтін де заң керек

Біздің елде заң көп, бірақ олар қаншалықты орындалап жатқанын білмейміз. Негізі заң орындалуымен құнды. Оған тиісті министрлік, комитет, басқармалар бақылау жасау керек. Осы жерде мен бейіттер мен қорымдар туралы заң қабылдану керек деген ұсыныс айтқым келеді. Оған жексенбі күні Қызылорда қаласындағы орталық, элитный қорымға барғандағы көрініс себеп болды.

Жүре берсең, көре бересің демекші, алыс жолға шықсаңыз ондай қорымдарды Қазақстанның әр өңірінен кездестіруге болады. Алматыда – Кеңсай, Шымкентте – Сәуледегі қорым, тағысын тағылар. Кешегі көрген Қызылордағы айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан қорымға бағдаршам ғана жетіспей тұрған секілді. Әдетте талай элитный бейіттерді көрсем де ішін көлікпен емін-еркін аралайтын қорымды алғаш кезіктіруім. Қызылорда қаласының кейбір көшелері ондай тегіс болмауы мүмкін, бірақ қорымды ерекше күтімге алғаны көрініп тұр. Мейлі, әруақтарды қадірлесін, қастерлесін, оған ешкім дау айтпайды. Бірақ адамға тірісінде жасалмаған жағдайды өлгеннен кейін жасау қаншалықты қажет? Әркім ата-анасын, бауырын, жақынын тірісінде құрметтесін, өлген соң оның басына алтыннан ескерткіш, күмістен күмбез орнатудың марқұмға ешқандай пайдасы жоқ. Керісінше зияны болуы мүмкін. Тіріге де салмақ. Кесене тұрғызамын деп кредит алып, қарызға батып жүргендер барын естіп-біліп жатамыз.

Зират қоюға қатысты Қазақстан Діни басқармасы не дейді? Діни басқарма «Шариғат бойынша адамның бейнесін қашап, бюст, ескерткіш орнатуға рұқсат жоқ. Жарты ай бейнеленіп, қайтыс болған адамның аты-жөні, туған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылады. Зират түйенің өркешінен биік болмауы тиіс», — деген пәтуа шығарған. Алайда, пәтуа қағаз бетінде ғана қалып қойған секілді.

Бейіттердегі марқұмның басына тұрғызылған үйлерді жаңартып, жөндеп жататындар да аз емес. Өз басым бұған қарсымын. Аталарымыз «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, адам жерленген қорымдарды белгілі бір уақыттан кейін басқа мақсатта пайдалануға болады. Олай етпесе осы кезге дейін жер бетін мазар басып кетпейтін бе еді? Ал қазіргі тұтастай қалаға айналған мазарларға қарап, бұл ойдың да орындалмасына көз жеткізуге болады.

Осы секілді келеңсіздіктерді ескеріп, Діни басқарма пәтуа шығарғанымен, онымен санасып жатқан ешкім жоқ. Сол себепті, бейберекет бейіттердің белең алуын заңмен ғана тоқтата алатын сияқтымыз.

Қорған Уәлибекұлы,

Шымкент қаласы.