Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Жат ағымдағылар төрге озбасын десек… — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Жат ағымдағылар төрге озбасын десек…

Шардара ауданынан Самат Момбек есімді оқырман хабарласып, көңілін күпті еткен бір уайымы барын айтты. «Айтылмаса сөз жетім деген бар. Біріміз ұят, екіншіміз жақыным еді деп шындықты жасырып жүре берсек ешқашан түзелмейміз. Айтайын дегенім, ауылда құдайы тамаққа сағат түскі 12-ге деп шақырады. Содан үй иелері адамдар күтіп қалмасын деп ойлайтын болса керек, дайын болса тамақты сәл ертерек тарата береді. Шақырылған уақытында барсақ, имам құранын оқып кетіп қалған болып шығады. Бұл не деген асығыстық?

Қазір халыққа дұрыс, сапалы уағыз керек. Онсыз да теріс ағымдағылар күн-түн демей өз насихаттарын айтып жүргенін білеміз. Құдайы тамақ беруге ниет еткен адамның үйіне имам ертерек барып, уағызын айтып, қонақтар қайтқанша асықпай отырса екен дейміз. Кейде асығыс кеткен имамның үйінде мал қарап қорада жүргенін көресің. Сонда ол имам үшін дін насихаттап, жамағатты тура жолға бағыттаудан мал қарау маңызды болғаны ма? Жасыратыны жоқ теріс ағымға еріп жүргендердің көпшілігі жастар. Имам сол жастармен жұмыс істеп, ата-аналарымен байланысып, жат діннің жетегінде кетудің алдын алса мол сауап қой. Әрі ел ішіндегі қауіпсіздікке қосқан үлесі болар еді», — дейді шардаралық оқырманымыз.

Сайрам ауданындағы бір ауылдың имамы теріс ағымның жетегінде кетіпті деген әңгіме желдей есіп жүр. Қарапайым жамағаттың бірі емес, имамның өзінің теріс жолға түсуі — өте қауіпті құбылыс. Ол енді өз отбасынан бөлек жақын туған-туыстарын да үгіттеп, өзі ұстанатын жат ағымға тарту жолында тынымсыз жұмыс жүргізуде екен. Біз бұл қауіптің алдын алу керектігін ескертіп, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраевке хабарластық. «Хабарамыз бар. Жұмыс жүргізілуде», – деген бөлім басшысы бұл мәселе бойынша құзырлы органдар айналысып жатқанын мәлімдеді.

Осы мәселеге орай біз ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қоңырбайұлын да хабардар еттік. Ол кісі мұндай мәселемен облыс пен аудандағы имамдар айналысатынын айтып, хабарласу үшін бір телефондар беріп еді. Бірақ онымен байланысу мүмкін болмады.

Соңғы кездері қоғамда сақалдылар мен қысқа балақтылар аталып кеткен жамағат жайында аз әңгіме айтылмайды. Олар жыл өткен сайын қатарларын толықтырумен келеді. Көп елдерде бұл ұстанымдағы жамағат әрекетіне заңмен тыйым салынған. Қауіптің алдын алғымыз келсе, бізге де қатаң заң керек.

Ұ. ТӘМЕНОВ.