Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
АПВ вакцинасы туралы не білеміз? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

АПВ вакцинасы туралы не білеміз?

Мақтаарал ауданында денсаулық сақтау саласының мамандар ұдайы медициналық көмектің жетістіктері мен бұқара халық білуге тиісті дәрігерлік кеңестерді БАҚ беттерінде жариялап, насихаттап отырады. Сондай насихаттың бірі АПВ вакцинациясына арналды.

Бұл вакцина обырды тудыруы мүмкін АПВ-ның онкогенді қаупі жоғары типтерінен қорғайды.

Өмірінің қандай да бір сәтінде 10 ер мен әйелдің 8-ге жуығы АПВ инфекциясын жұқтырады. АПВ 25 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі.

АПВ жатыр мойнының обыры жағдайларының бәрін дерлік туындатады. Жатыр мойнының обыры, егер ерте сатыда анықталса да, әйел өміріне үлкен ықпалын тигізеді. Жатыр мойнының обырын емдеу қиынға соғады және өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін. АПВ вирустары жыныс мүшесінің, анус, бас және мойын обырын тудыруы, сондай-ақ гениталий сүйелдерінің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Ерте жасында (9 жастан бастап) вакцинациядан өткен адам АПВ-ның обырды тудыруы мүмкін онкогенді қаупі жоғары типтерінің көпшілігінен қорғалады. Бірақ, вакцинация аурудың барлық жағдайларының алдын ала алмайды, сондықтан жатыр мойны обырын скринингтеу вакцинамен егілген және вакцинамен егілмеген қыздар мен әйелдер үшін әлі де маңызды. ЖМО ауруынан ең жақсы қорғану АПВ-ға қарсы вакцинация және жатыр мойны обырын скринингтеу бағдарламалары болып табылады.

Вакцинация ұл балаларды АПВ және гениталий сүйелдері себебінен болатын обыр түрлерінің көпшілігінен қорғайды және сондай-ақ жыныстық жұптастардың қорғалуын қамтамасыз етеді.

Міне осындай мәліметтерді әріптестіремен бөліскен «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының Имунолог дәрігері Тастанова Қызжібек Аликуловна, АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша аурухананың медициналық мамандарына семинар сағатын жүргізді.

Вакциналар АПВ-ның қандай типтерінен қорғайды? Дәрігерлер үшін де бұл танымдық тақырып болды.

АПВ-ға қарсы вакциналар ең көп жоғары онкогенді және кең таралған АПВ типтерінен қорғайды.

АПВ-ға қарсы екі валентті және төрт валентті вакциналар АПВ-ның 16 және 18 типтерінен қорғайды және жатыр мойны обырының 10 жағдайының 8-ін туғызатын әрі АПВ-ның 31, 33 және 45 типтерінен және АПВ инфекциясымен байланысты обырдың басқа түрлерінің көпшілігінен айқаспалы қорғануды қамтамасыз етеді.

Төрт валентті вакциналар гениталий сүйелдерінің 10 жағдайының 9-на себеп болатын АПВ-ның 6 және 11 типтерінен қосымша қорғайды.

Тоғыз валентті вакцина жатыр мойны обырының 10 жағдайының 9-на бірге себеп болатын АПВ-ның жеті типінен және гениталий сүйелдерінің 10 жағдайының 9-ын тудыратын АПВ-ның екі типінен қорғайды.

АПВ-ға қарсы вакцинация қалай жүргізіледі? Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ, ата аналардың өтініші бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

Вакцинация ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар иық бұлшықетіне енгізіледі.

АПВ-ға қарсы вакциналар тиімді ме?

Иә. АПВ-ға қарсы барлық вакциналар АПВ-ның қатерлі ісік тудыратын титерін жұқтырудан 95% — дан астам қорғайды.

АПВ-ның жоғары онкогендік қауіпті типтерінен туындаған инфекциялардың көпшілігі организмнен өздігінен жойылады, бірақ кейбіреулері ісікке дейінгі өзгерістерге ауысады, олар кейбір жағдайларда уақыт өте келе қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Егер АПВ-инфекциясының алдын алса, ісікке дейінгі өзгерістер мен қатерлі ісік дами алмайды.

Бұрын АПВ вакцинасын енгізген елдерде жас әйелдерде инфекциялар, қатерлі ісікке дейінгі және жатыр мойны обыры және АПВ-дан болған аурулар санының тез және айтарлықтай (90% — ға дейін) төмендегені байқалады.