Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ – МАҚТААРАЛДА ТҰРАДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ – МАҚТААРАЛДА ТҰРАДЫ

Иә, қателесіп отырғанымыз жоқ. Үздік дефектолог маман Мақтаарал ауданында тұрады. Оны анықтау үшін арнайы облыстық байқау өтті. Түркістан қаласындағы, М.Шоқай атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында өткен сол байқауға облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердің логопед-дефектологтары қатысты. «Жылдың үздік дефектологы» атты байқаудың облыстық кезеңінде бағын сынауға келген мамандар аз болмады. Бәрі де «жүзден –жүйрік, мыңнаң – тұлпар» мамандар.

Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен айналысатын дефектология, логопедия саласының педагогтерін анықтау, қолдау, мадақтау, озық инновациялық жұмыстарды насихаттау болатын. Байқау қорытындысы көрсеткендей бұл мақсат орындалған сияқты. нағыз өз ісінің маманы анықталды.

Жалпы облыстық байқауға Мақтаарал ауданының намысын қорғап барған «Асыл мұра» жалпы білім беретін мектебінің логопеді Мұсабаева Айнұрға тең келетін маман болмады. Ол жүлделі 1 орын иеленді.