Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Олимпиада күнінде Мақтааралда 5 бала туылды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Олимпиада күнінде Мақтааралда 5 бала туылды

Олимпиада күні туғандар акциясын жыл сайын 23 маусымда елімізде Ұлттық Олимпиада комитеті жыл сайын дүбірлетіп атап өтеді. Биыл да бұл мереке дүиеге келген сәбилердің іңгәлаған дауысымен басталды.

Биыл Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «ҚАЗПОШТА» АҚ-ның қолдауымен Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен барлық аймақта Олимпиада күні туғандарды анықтауға ұласты.

«Олимпиада күнінде туылғандар» акциясы «Олимпиада балалық шақтан басталады» Олимпиада мерекесінің негізгі тақырыбының заңды жалғасы болып табылады.

Айтулы датада «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде 5 нәресте дүниеге келді. Оның 1-і қыз бала және 4 ұл бала. Осы шара аясында сәбилердің аналарына сыйлық және сертификат табыс етілді.

«Балапандардың дені сау, мықты болып өсуін, көптеген жеңістерге жетуін және кез келген кәсіпте чемпион болуын тілейміз!» дейді аудан дәрігерлері.