Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
 Бурак келе жатыр — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

 Бурак келе жатыр

«Белгілі түрік киноактері Бурак Өзчивит  қыркүйектің 29-ы күні Алматыда, Республика сарайында, кешкі сағат 19.00-де өзінің өнеріне табынушы жанкүйерлерімен кездесу өткізеді» деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Бұны актердің өзі де Instagram-дағы Stories-інде айтқан. Бурак Қазақстанға бұрын да келген. 2015 жылы Алматы мен Астана қалаларында  өткен  халықаралық  Евразия XV кинофестивалі аясындағы «Саған ұқсайтын махаббат» фильмінің тұсаукесеріне келгені бар.

Жалпы Бурактың өнеріне, өміріне қызығушы жанкүйер қауым тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің әр елінен көптеп табылады. Әрине олардың қатарында қыз-келіншектердің саны басым.

Instagram желісі арқылы оның қайда, қашан болатынын аңдып отыратындар көп. Солардың бір тобы бірде Бурак пен әйелі Фахрие демалып жатқан Түркиядағы бір қонақүйді анықтап, терезе алдына топырлап жиналған. Полицейлер келіп, тәртіп сақтауын талап етсе де қыздар Бурактың сыртқа шығуын талап етіп шулап тұрып алған. Тәртіп сақшыларына дес бермеген қыздардан Бурак мен Фахрие қонақ үйдің артқы есігінен шығып бой тасалауына тура келген.

Оны арнайы шақырып, өз елінде қонақ ететіндер көп. Мысалы оны 2017 жылы әмір Мохаммед ибн Рашид Аль Мактумның өзі шақырып, Дубайда қонақ етіп, 500 мың доллар көлемінде еңбекақы төлеген. Сол кездесуде Түріктің сымбатты серісін көруге 10 мыңдаған адам жиналған дейді. Бірақ, Бурактың ағылшын тілін білмеуіне байланысты олармен тікелей тілдесу қиынға соғып, аудармашы жалдаған.

Бурак Өзчивитті «оңтүстік-шығыс Түркияда орналасқан Мерсин қаласында дүниеге келген. Дүниеге келген соң біраз уақыттан кейін Бурак ата-анасымен және әпкесі Бурджунмен бірге Стамбұл қаласына көшкен» дейді. Ресми ақпарат көздерінде оның 1984 жылы 24 желтоқсанда Түркияның Стамбұлда туғанын айталады. Қайда туылса да оның Стамбұлдағы Мармар университетіндегі кино факультетін тәмәмдағаны рас. Бала күнінде теледидардың алдында отырып алып түрлі фильмдер көретін ол Бэтман сияқты болуды армандаған екен. 2003 жылдан 2007 жылға дейі модельдік бизнесте жұмыс істеген. 2003 жылы «Түркияның үздік моделі» жүлдесін жеңіп, 2005 жылы «Әлемнің үздік моделі» конкурсында екінші орынды иеленген. 2006 жылдан бастап, кино және телевизия саласында қызмет етеді.

Көрерменге «Сұлтан Сүлеймен» және « Королёк — птичка певчая» сериалдарындағы рөлдерінің арқасында Бурак әлемге танымал болуда.

Әкесі кезінде мейрамханалық кәсіппен айналысса, анасы үйде бала тәрбиесімен отырған. Стамбулда Өзчивиттердің төртінші ұрпағы кебаб мейрамханаларының иесі ретінде танымал. Әулеттің кәсібін жалғастыру үшін Бурак та өзінің жеке кәсібін ашқан. Оның «Бали-бей» деп аталатын мейрамханасы бар. Кемінде аптасына бір рет өзі сонда тамақтанатынын жиі айтады.

Ол әйелі, белгілі киноактриса Фахрие Эвдженмен «Королек — птичка певчая» телехикаясының түсірілімінде танысып, ғашықтар сезімін рөлде- кинода ғана емес, өмірде де бастан кешіреді. Махаббаттың соңы тойға ұласады. Қос ғашық 2016 жылдың ақпанында шариғат бойынша неке қиған. Ал, 2017 жылдың 29-маусымында Босфор бұғазындағы Sait Halim Pasa жабық тарихи виллада үйлену тойы өткен.