Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Білім — адам өмірінің ең маңызды құндылығы. Еліміздің болашағының жарқын болуы тікелей білімді ұрпаққа байланысты. Білім арқылы жастарымыз өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымы кеңейеді, өзінің болашағын қалыптастырады. Сонымен қатар, жасында терең білім алған адам болашақта елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан да еліміздің асқақ арманын жүзеге асыратын жастарымыз өздерінің күнделікті алған білімін Отанымыздың болашағын жарқын етуге арнауы тиіс.

2023-2024 оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл күн әдеттегідей емес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бастамасымен «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен басталды. Мақтаарал ауданындағы 56 мектепте білім алып жатқан 28087 оқушы сынып сағаттарында өздерінің Отанға, мектепке, ұстазға деген жылы лебіздерін білдіруде.

Еліміздің әнұранын орындаудан басталған сынып сағаттарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқушыларға үндеуі, құттықтауы ұсынылды. Сонымен қоса, педагогтар да сәтті аяқталған жылды қорытындылап, оқуда озат болған оқушыларға марапат қағаздарын тапсырды.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Арап Қайрат Әбдірахымұлы А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде өткен бірыңғай сынып сағаттарына  қатысып, педагогтер мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, оқушылармен сұхбат жүргізді, пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде оқуда озат атанған оқушыларды марапаттап, болашақтарының жарқын болуына ізгі тілегін білдірді.