Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
 Жаңбырды қолдан жаудыруға бола ма? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

 Жаңбырды қолдан жаудыруға бола ма?

«Бүгінгі озық технологиялар мұны жасауға мүмкіндік беріп отыр». Осылай деген «International Center of Climate Change Technologies» орталығының басшысы Алтай Айнабек кешегі аптада журналистермен брифинг өткізді. Оның айтуынша, жаңа технология атмосфераның төменгі қабатына теріс зарядталған иондар жіберу арқылы антициклонды бұзып, циклондық процестерге әсер етеді. Салдарынан қажетті аймақта атмосферадағы жоғары қысым төмендеп, ылғал тартыла бастайды. Нәтижесінде жауын жауады.

– Қазіргі таңда құрғақшылық, су тапшылығы бүкіл әлемде басты мәселеге анйлауда. Оны шешудің жолдары жан-жақты іздестірілуде. Біз жаңа технологиялар арқылы құрғақшылықты болдырмау, адамзаттың залалынан тартылып кеткен Арал сияқты теңіздерді қайта қалыпқа келтірудің әдісін қарастырып жатырмыз. БҰҰ-ның мәлімдемесі бойынша, әлемде 2,5 млрд адам су тапшылығы зардабын тартып отыр. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір Каспий, Балқаш, сондай-ақ, өзендер мен тоғандардағы су көлемі тартылып жатыр. Жерасты суларының да деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген. Біз 31 шілде күні өз қаражатымыздың есебінен Шымкент қаласына «Clear Sky Manager New Generation» технологиясын орналастырдық. Нәтижесінде Қазақстанның көптеген аймақтарында және Оңтүстік өңірінде тамыз айында нөсерлі жауын жауды. Бұл біздің технологиямыздың тиімді екенін дәлелдеді, — дейді Алтай Айнабекұлы.

Аталмыш технология 2022 жылы Маңғыстау облысында іс-тәжірибеден өткен екен. Нәтижесінде бұл өңірде бұрын-соңды болмаған ауқымды жаңбыр жауған. «International Center of Climate Change Technologies» орталығы Араб Әмірлігінде тіркеліп, қазіргі таңда Африкадағы Сахель және Пәкістанның аридтық аймақтарында жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аталған компания Орталық Азияда Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының Қазақстан мен Өзбекстандағы дирекцияларымен үш жақты келісім-шартқа отырған.

Алтай Айнабектің айтуынша, әлемде 80-ге жуық мемлекет климаттық әртүрлі технологияларды пайдаланады екен және бұл технология елімізде алғаш рет қолға алынуда.