Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Мақтаарал ауданын дамытуда инвесторлардың атқарар рөлі үлкен. Бұл орайда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 2,4 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылған. Биыл 12 елді мекенде 2,3 млрд. теңгеге 16 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 825 млн. теңгеге 143 жоба қаржыландырылса, бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылы 365 маманға 126 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы, 92 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 476 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Айта кету керек, облыс аумағында АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталған. Осынау игілікті істің шарапаты бүгінде Мақтаарал ауданына да жетіп отыр. Ауданда бүгінге дейін 14 мектепке интренет толық қосылды.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану да күн тәртібінде тұр. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту жұмыстары одан әрі де қарқын ала бастайды.

Мақтаарал ауданында 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылға қарағанда 1,5 есеге өсіп, 139 млрд.теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 22 пайызға өсіп, 12 мыңнан асқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып, 10 млрд. теңгеден асып отыр. Негізгі капиталға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнім көлемі, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі бойынша биылға жоспарланған көрсеткіштер біртіндеп орындалып келеді.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша өткен жылы атқарған жұмыстары және биығы көрсеткіштер бойынша жүргізілген сараптамада ауданда бірқатар игілікті істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ілгерлеушілік байқалады. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту, газдандыру, дренаждық жүйелерді жетілдіру, шаруаларға субсидия беру және өзге де түйткілді мәселелердің шешімі нақты жобаларға негізделіп отыр.