Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мақта терімге дайындық пысықталды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мақта терімге дайындық пысықталды

Жуырда Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында мақта терім науқанын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өтті. Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және мақта өңдеу зауыттарының басшылары қатысты.

Биыл ауданда 60,6 мың гектар егістік жерге түрлі дақылдар егілген болса, оның 33,6 мың гектарына мақта шиті себілді. Қазіргі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, дефоляция жұмыстарын жүргізіп, мақта жинау науқанын бастағалы тұр.

«Аудан бойынша қазіргі таңда 350 гектар мақталық алқапқа дефоляция жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстарды тездеткен абзал. Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен мақта қабылдау бекеттері науқанға толық дайын тұр. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу — бәріміздің ортақ міндетіміз!» – деді аудан басшысы.

Жиын барысында мақта қабылдау бекеттеріндегі таразы, лаборатория мәселелері, шаруалармен келісім-шарттарды рәсімдеу және мақта теріміне қатысатын комбайндардың мәселесі, жалпы жиын-терімге қатысты барлық мәселелер талқыланды. Бүгінде мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалпы аудан бойынша мақта теріміне 700-ден астам доңғалақты трактор, 900-ге жуық тіркеме және 200-ден астам мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ауданда мақта өңдейтін 7 зауыт және 55-ке жуық мақта қабылдау бекеттері шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай таратылуда.

Д.Аязбеков,

Мақтаарал ауданы.