Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Үй өртенді, анасы мен баласы күйіп қалды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Үй өртенді, анасы мен баласы күйіп қалды

Ақпанның 8-і күні, сағат 15:09-да Еңбекші ауданы, Оңтүстік  елді екеніндегі, Талдықорған көшесі №11 мекенжайда орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шығып, жалпы көлемі 54 ш.м. жанып кетті. Өрт сағат 15:27-де оқшауланып, сағат 15:58-де толық сөндірілді. Өрт салдарынан: 2005 жылы туылған жүкті азаматшаның арқасы, беті және қолы 5 %-ға дейін күйіп ауруханаға жеткізілген. Ал 2023 жылы туылған нәрестенің қолы, беті және иығы 6% күйік шалып, ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жеберілді (жағдайлары орташа). Өрттің себебі анықталуда.
«Оқиға орнына: ТЖД (12 қызметкер және 3 техника), АМО (3 қызметкер және 1 техника) шықты.
Құрметті қала тұрғындары, орын алған жайтқа байланысты тұрмыстағы өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз» дейді төтеншеліктер