Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Биші ағай кім? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Биші ағай кім?

Белгілі журналист Иса Омар фейсбуг әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында қыстың көзі қырауда, қар борап тұрғанда далада би билеп жүрген жігіт ағасының видеосын жариялады. Видиода айналаның бәрін ақ мамық қар орап алғаны байқалады. Күннің суығында ақ қардың үстінде би билеп жүрген жігіт ағасының қылығы көпшілікке жағымды эмоция сыйлайтыны рас. Ол сөзі мен әнін Иса Омар жазған әне билеп тұр.

Видионы әлеуметтік желіде тамашалап,  «Көңіліміз көтеріліп қалды» деп жазған пікір иелері де аз емес. Десе де «биші ағай кім болды екен?» деушілер де бар. Танитындар «Бұл белгілі журналист, марқұм Байдулла Қонысбек ағамыздың інісі Қали ғой» десіп жатыр.
Кім болса да суық күнде көңілдерге қуаныш сыйлап жүрген биші ағайдың қылығы интернетті жарып тұр.