Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ЗАҒИП ЖАННЫҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ЗАҒИП ЖАННЫҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Жасы 70-ке таяған зейнеткер Еркін Тұрмановтың оң көзі 10 жыл бұрын мүлдем көрмей қалған екен. Көз соқырлығына душар болған зағип жанға тор қабатының сылынуы мен күрделі катаракта диагнозы қойылған. Науқастың айтуынша ем іздеп бармаған жері жоқ. Шипасын «Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасынан тапқан. Дәрігерлер оған жақында құны 900 мың теңгелік күрделі отаны  МӘМС қаражаты есебінен жасап берді. Осылайша талай жылдан бері жарық дүниені көруге зар болған азаматтың көз жанары қалпына келтірілді.

Көру қабілеті қайта оралған тағы бір науқас — 63 жастағы Рашид Шамсутдинов. Зағип жанның бір көзі 4 жылдан бері мүлдем соқыр болып келген. Қариялар шымкенттік дәрігерлер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне шексіз алғыстарын білдіруде.

«Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасы былтыр катаракта, глаукома және тор қабатының сылынуы сынды диагноздар бойынша МӘМС есебінен 500-ге жуық күрделі ота жасаған. Сондай-ақ, медициналық ұйымның дәрігер-офтальмохирургы Алиби Қалшабековтың айтуынша, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша қант диабетінің салдарынан көз ауруына шалдыққан науқастарға тек осы клиникада арнайы дәрі-дәрмек егіледі.

Жалпы, Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 5 клиника көз ауруларын емдейді. Биыл МӘМС шеңберінде науқастарға 3000-ға жуық қызмет көрсету жоспарланған.

Қаперіңізде болсын, МӘМС қарапайым халықтың мүддесін қорғауды көздейді. Сіз сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға құқылысыз.