Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТАРАЛДАН ЖЕТКЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТАРАЛДАН ЖЕТКЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Құрметті Мақтаарал ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері!

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 72 бұйрығына сәйкес сұранысқа ие мамандықтар тізбесі төмендегідей болып бекітілгендігін және өтінімдер ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жылжымайтын мүлік порталы арқылы өтініш беруге болатындығын хабарлаймыз.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығына сәйкес әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 2024 жылға берілетін мөлшері:

1) 100 АЕК-ке тең сомада бір реттік көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

Ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын Мырзакент елді мекеніне келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

Ауданның өзге де ауылдық елді мекендеріне келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.