Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шәмші жатқан ауруханаға ескерткіш тақта қойылды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шәмші жатқан ауруханаға ескерткіш тақта қойылды

Жуырда Отырар ауданында ұлы сазгер, Әнұранымыздың авторы Шәмші Қалдаяқов ем қабылдаған Шәмші ауылындағы аурухананың кіреберісіне композитордың ескерткіш тақтасы қойылды. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің филиалы Шәмші Қалдаяқов музей-үйінің ұйымдастыруымен салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ арнайы бөлме жасақталды.

Төрт жылда бір келетін 29 ақпан – ұлы сазгердің өмірден қайтқан күні. Бұл дата қайталанбас дара тұлғаның ерекшелігін айғақтай түседі. Шəмші Қалдаяқов 1991 жылдың қарашасында, яғни өмірінің соңғы айларында туған жеріндегі ауылдық ауруханада ем қабылдаған. Бұл күнде Отырар ауданының гимніне айналған «Отырардағы той» əні осы ауруханада жатқанда жазылған екен.

Іс-шараға ұлы сазгердің туған-туыстары Райхан Қалдаяққызы, Қыдыр Домбаев, Бақыт Қалдаяқов жəне 1991 жылы Шəмші Қалдаяқовты ауылдық ауруханада емдеген, сол кездегі аурухананың бас дəрігері Құдайбергенов Төрехан мен бас дəрігердің орынбасары болған Жолдасбек Тұрсынбаев, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында сазгердің көзін көрген ақсақалдар қауымы естеліктерімен бөлісіп, жиын соңында Шəмші Қалдаяқовтың әруағына арнайы құран бағышталды.

Жасұлан Еркебұлан,

Отырар ауданы.