Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шардарада шіркейге қарсы күрес басталды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шардарада шіркейге қарсы күрес басталды

Шіркейге қарсы күресі Сырдарияның бойында жатқан ауылдарда қыза түсті. Ең алдымен Шардара ауданында басталған дезинсекциялау жұмыстары қарқынды. Ұзындығы 352 шақырымды құрайтын Сырдария өзені 6 бөлікке белгіленіп, әрбір 60 шақырымы дәріленуде.

«Ол дәрі шөпке, малға зиян екен» деген қауесет шындыққа жанаспайды. Мамандардың айтуынша, шіркейге қарсы қолданылып жатқан дәрінің  төрт түлікке, ара, балық және басқа да тіршілік иелеріне зияны жоқ.

Биыл дезинсекция шараларын өткізуге және ғылыми сүйемелдеу жүргізуге облыстық бюджет есебінен қаралған қаржыға  Түркістан, Кентау, Арыс қаласында және Отырар, Шардара, Мақтаарал мен Келес ауданында дезинсекция жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу талаптары бойынша мердігер мекеме ретінде «Satti Tulik» ЖШС анықталды.

Дернәсілдермен күресу үшін биологиялық препараттарды суға жіберу әдісін, ал су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда екен. Дезинсекция жұмыстарының нақты жүргізілетін өңдеу алаңы, уақыты, дозасы, препараттардың көлемі ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына  сәйкес белгіленеді.

Ақпанның 8-інен бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.

Екі апта бұрын Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жауапты қызметкерлері, аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері, аудан, қала мәслихат депутаттары және БАҚ қызметкерлері «Satti Tulik» ЖШС мекемесінің дезинсекция жұмыстарын қадағалаған.

Ұшақ, техникалар және жұмысшы құраманың дайындық барысымен танысып, дезинсекция жұмыстары басқарманың қатаң бақылауында тұр.

Былтыр дезинсекция шаралары облыс аумағында наурыз айынан бастап маусым айына дейін жүргізілген-ді. Шыбын-шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күресу жұмыстары химиялық (кардинал, фипрон) және биологиялық (бактицид) әдістерімен жүргізілді екен.