Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шымкентті су басып жатыр (видео) — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шымкентті су басып жатыр (видео)

Шымкенттің күні осы. Жауын жауса «Венецияға» айналады. Бұл проблеманы «зың әкім» Ғабидолла Әбдірахымов та шеше алмаған. Одан кейінгі «саудаласқыш» Мұрат Әйтеновтың де қолынан келмеді. Қыста қар жауса күрек көтеріп көшеге шығатын жұмысшы көп. Алайда арнаулы техника тапшы. Содан бүкшеңдеген жұмысшылар жауып тұрған қардың нөпіріне дес бере алмай жүргені. Әйтеновтың аты онсыз да «қар күрей алмайтын әкім» болып есте қалды ғой. Жауынды күні су алған шаһардың ескі қала бөлігіндегі әбіржіген жұртты айтпағанда, жыл сайын қайталанатын жағдайға дайындық жоқ.
Шымкентте әкімдер ауысқанымен ауар-райының қолайсыздығына байланысты орын алатын апатты жағдайларды, су басудың алдын алуды, қарды дер кезінде күреп тастайтын техникаларды жаңартуды қолға алатын әкім болмай тұр. Техника демекші, ала-жаздай «қысқа дайындық» штабы жұмыс істейді. Олар елге кереметтей техникаларды көрсетеді. Көрме етіп тізіп қояды. Алайда, қар жауғанда, су басқанда бірін де таппайсың.

Енді міне, бүгінгідей күн туғанда ел әбіржіп жүргені. Малмаңдай болған бала сабақтан тізеден су кешіп келеді. Үйіне асыққандардың да жұмыстан қайтар уақыты болды. Көше кептеліс. «Жауынның кесірі» деп құталатын билікке бәрібір. Шымкенттіктер су кешіп жүр.

Айтпақшы, Шымкентте жауынның суы жол жиегіндегі арықпен ақпайды. Асфальтпен ағады. Шымкенттің жолдары өзен болып жатыр. Асфальтты жауынның суы ақсын деп салады бізде. Сосын, келесі жауынға дейін «ремонттайды». Су шайып кеткен жолға қаржы бөлдіреді. Дәл осы мимырт тірлік Ғабит Сыздықбековтың да тұсында қайталанып жатыр. Қашанға дейін? Уақыт көрсетеді.