Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Кедендегі келеңсіздік жіті тексеруді қажет етеді — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Кедендегі келеңсіздік жіті тексеруді қажет етеді

Қазақстан мен Өзбекстан ғасырлар бойы көрші, қарым-қатынасы достық негізде қалыптасқан мемлекет. Мұндайды қазақ «төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған көршіміз» дейді. Қос мемлекеттің тауар айналымы да жыл өткен сайын артып келеді. Бұған Тәуелсіз елдердің мемлекет басшылары сауда-саттықты арттыру туралы келісімге қол қойғандары өз нәтижесін беруде. Соның жемісі болар, соңғы жылдары бірнеше кедендік бекеттер ашылды. Алдағы уақытта олардың саны әлі де артады деген сенім бар.

Әрине мұның барлығы Үкіметаралық келісімнің арқасы. Бірақ осындай игі бастамаларға көлеңке түсіретін жәйттер де жоқ емес. Бұған шекарада сағаттап тұрып қалған көлік кептелісі, кейбір шекара мен кеден қызметшілерінің келеңсіз әрекеттері себеп болуда деп айтсақ қателеспеспіз. Кейбір адамдардың жеке бастың қамын ойлайтын әрекеті кейде мемлекет аралық қатынасқа да сызат түсіретінін естен шығармаған жөн.

Шекара — бұл мемлекеттің айнасы іспеттес. Мемлекеттің күштік құрылымдары, жалпы жүйенің қалай жұмыс істейтінін сырттан келген шетелдік адам шекарадан-ақ байқайтыны анық. Оқырманға түсінікті болу үшін әңгіменің әлқиссасын әріректен бастайық. Биылғы жылдың ақпан айында Өзбекстанның Тамды ауданы, Орысқұдық ауылында тұратын әкесі ауыр халде жатқандықтан тараздық Сайер ұлының көлігімен жолға шығады. Өз аяғымен жүре алмайтын жұбайы да ілесіп бармаққа ниет етеді. «Өзбекстанда бензин тапшылығы бар екені белгілі. Сондықтан алыс жолда керек болады деп жүк салғышқа 30 литр бензин салып алдым, — дейді Сайердің ұлы Мейірбек Нұрмаметов. — «Атамекен» шекара бекетіне барғанда жүк салғышта бензин бар екенін ескерттім. Бұрын осылай талай рет өтіп жүргенбіз, тап сол күні де бензин алып өтіп жатқандар болды. Бірақ неге екенін білмеймін шекарадағы кеден қызметкері Феруза Нұрмашова маған қадалды да қалды. Жағдайды айтсақ түсінбейді. Сол бензин керек болса алып қалыңдар, әйтпесе төгіп ақ тастайын дедім, көнбеді. Ақыры «шекарадан 30 литр бензин алып өтпекші болды» деген айыппен көлігімді ақылы айып тұрағына алып кетті. Шамасы «басқалар да өтіп жатыр ғой» деп айтып қалғаным шымбайларына батса керек. Ол жерде қарсы сөйлемей, не айтса да бас шұлғи беру керек екен. Айыппұлын қазір төлеп кетейін деген өтінішім де орындаусыз қалды. Амал жоқ, жүре алмайтын шешеммен шекарадан кері қайттық. Сол күні түнде атам дүниеден озды. Осылайша атаммен соңғы рет дидарласып қала алмадық. Ең болмаса жаназасына қатысуға үлгерейік деген оймен жылдам Таразға оралып, інімнің көлігімен қайта шықтық.

Атамның жаназа мен жетісін өткізіп болғасын тұрақта тұрған көлікті алайын деп барсам, бермейді. Бензинді сараптамаға жіберіпті. «Сараптамадан соң сот болады, көлігіңді содан кейін аласың» дейді. Қолыма сол күні түзген хаттаманы алғанда оның сауатсыз жазылғанына куә болдым. Мәселен, менің көлігімнің мемлекеттік белгісі 218 FGP 08, яғни коды 08, оны ауыстырып, 13 деп жазып қойыпты. Оқиға 08.02.2024 жылы орын алса, хаттамада 08.02.2023 жыл деп көрсетілген. Көлікті тұраққа қоярда қабылдау актісі толтырылмады. Менің аты-жөнім мен туған жылымды да дұрыс жазбаған. Тіпті, өз аты-жөні де хаттаманың екі тұсында екі түрлі етіп жазылған. Осы қателерді ескерткенімде «Сараптама келген соң, қайтадан жөндеп жазамын» деген сылтау айтты. Істі сотқа да уақтылы өткізбеді. Не керек, көлігімді қайтып аламын дегенше әбден әбігерге салды».

Мейірбек Нұрмаметов көлігін тұрақтан шығарып аламын деп жүрген бірнеше күн ішінде шекарадан заңсыз қаншама заттардың өтіп жатқанын көргенін жасырмайды. Соған қарағанда мұндай әрекеттер алдын ала келісіп алатынға ұқсайды. Келіссеңіз, тіпті, тонналап та шекарадан зат өткізуге болатыны байқалады. Демек, шекарада заңсыз әрекеттер өте көп кездесетін секілді. Сол себепті кеден қызметін, шекарадағы көлеңкелі әрекеттерді тексеріп, заңсыздықтың барлығын тоқтату керек.

Осыдан біраз жыл бұрын ақиқатты ашып айтып жүрген экс депутат Серік Әбдірахманов: «Статистикаға қарасаң шекарадан өткен күріш бір ауданға ғана жетеді, ал бізде бүкіл Қазақстанның базарында Қытайдың күріші толып тұр», – деген болатын. Бұл нені білдіреді? Әрине, шекарада бақылау қалмағанын, бармақ басты, көз қыстымен қаншама заттар заңсыз ары-бері өтіп жатқанын білдіреді. Ал осы келеңсіздік қазір тоқтады деп ойлайсыз ба? Әй қайдам…

Ұлықбек ҮМБЕТ.