Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Агроөнеркәсіп саласында жетістік көп — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Агроөнеркәсіп саласында жетістік көп

Негізгі күнкөрісі ауылшаруашылығына негізделген мақтаралдықтар жер емген дихан халық. Ауданда соңғы кездері агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық берілген. Жер өңдеу, су ресурстарын реттеу, шаруаға қолайлы жағдай тудыру турасында аудан әкімдігінің жобалары да аз емес. Мұның тиімділігін тұрғындар да сезінуде.

Нәтижесі жаман емес. Мычсалы, былтыр ауыл шаруашылығы саласында Мақтаарал ауданы бойынша 90,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 101,8 пайызды құраған. «Биылғы меже де бұдан төмен емес. Жоспарға сәйкес мақта дақылы 33,6 мың, көкөніс 1,5 мың, көп жылдық жеміс екпелері, бақша және мал азықтық дақылдары 25,7 мың гектарға егілді» дейді аудандағы салаға жауапты мамандар.

Егін шаруашылығында өнімділік көлемін 2-3 есеге ұлғайту мақсатында тамшылатып, жаңбырлатып суғару технологиясын 2,0 мың гектар алқапқа енгізу жоспарланып, бүгінгі таңда жоба құны 750 млн. теңгені құрайтын 500 гектар мақта алқабына тамшылатып суғару технологиясын енгізу жұмыстары басталып кеткен. Бұл Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сай суды тиімді пайдалану, су ресурстарын дамыту шараларының жүзеге асып тырғанын көрсетке керек. Сонымен қатар ауданда 781 гектар ерте пісетін қырыққабат және бақша дақылдарына да тамшылатып суғару технологиясы қолданылыпты.

Жер қатынастарын реттеу, дамыту ісінде де тың серпін бар. «Жыл басында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін түгендеу нәтижесінде 323, 2 гектар жердің игерілмей жатқаны анықталып, 68,6 гектар жер қайта игерілді. Сондай-ақ, жер телімінің иесі қайтыс болуына байланысты иесіз мүлік ретінде 60,9 га жер телімі тіркеуге жіберілді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тағы 38,2 га жер телімін қайта игеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жаңажол ауылдық округі бойынша 27,7 га және Мақтаарал ауылдық округі бойынша 10,5 га жер телімдерін биыл қайта игеруге кірісті. Бүгінгі таңға, нақты игерілмеген жер телімдерінің көлемі 155,5 гектарды құрайды», — дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Сөзіміздің басында айтқанымыздай жер еміп өскен мақтааралдықтар ауыл шаруашылығы саласынан бөлек кәсіпкерлікке де епті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кәсіпкерлік саласының қосар үлесі қомақты екенін аймақ басшылығы да жақсы біледі. Сондықтан да сала мамандарын жұмылдыра отырып, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге мұрындық болуда. Өз ісін ашып, дамытамын деген кәсіпкерге қолдау, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты барын түсіндіру ісі ауданда жоғары деңгейде. Мұндай қолдаудың арқасында жүзеге асып отырған нақты жобалар да жоқ емес. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда есепте 12 512 кәсіпкер болған. Оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 489, дара кәсіпкерлер — 4026, шаруа қожалықтары — 7997. Осы жылдың алғашқы 3 айында бұл көрсеткіш 13 074 бірлікке немесе өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылдың қорытындысымен 25,7 млрд. теңгеге орындалған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,7 млрд. теңгеге артық екенін көрсетіп отыр. Сол секілді өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі өткен жылы 22,7 млрд. теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 9 млрд. теңгеге артық орындалыпты.