Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Сағат ауысқан күні туған күні де ауысып кеткен — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Сағат ауысқан күні туған күні де ауысып кеткен

«Сағат тілімен бірге менің және ұлым мен қызымның дүниеге келген күндері де бір күнге кері шегеріліпті. Сағат ауыссын, бірақ туылған күнде кімнің қандай шаруасы бар? Бұл менде ғана емес, көптеген адамдарда кездесіп жатыр екен. Мейлі, қателік ертелі кеш жөнделер, бұлай тұра бермейтін шығар. Алайда, жуырда отбасымызбен Өзбекстанға барып қайтсақ деген жоспарымыз бар еді, енді шекарадан өтерде жағдайымыз қалай болатыны толғандырады. Ала тақиялы ағайындардың құжат тексерудегі қырағылығын білеміз, қолымыздағы құжат пен электронды құжаттағы мерзімдер екі түрлі болып тұрса не істейміз?»

Электронды құжаттағы өзгеріс туралы Нұргүл Бекмуратова әлеуметтік желіге де жазған. Алайда тиісті министрліктен жауап берген адам болмаған. «Егер құжаттарды өзгерту осыншалықты оңай немесе қорғалмаған болса бұл үлкен қауіп емес пе? Ертеңгі күні өз суретіміздің орнында басқа адамның бейнесі, аты-жөні тұрса қайтпекпіз? Шыны керек, біздің елде таңқалатын дүние қалмай барады.» деп күйінеді ол.

Соңғы кездері алаяқтардың көбейіп кеткені жөнінде жиі дабыл қағылып, көптеген ескертулер келіп жатады. Алайда, олардың алаяқтық әрекеттеріне тосқауыл болар нақты қадамдар байқалмайды. Соның салдарынан олар да азаматтарды оңай алдап, құжаттарды өз ырқына көндіріп жүрген сыңайлы. Соңында алмаған несиесін төлеп, жылжитын, жылжымайтын мүлкінен айырылған қарапайым халық сорлап жатады. Оларға өзін заң аясында қорғау үшін де қыруар қаражат керек. Ал күнін әрең көріп отырғандар мұндай қадамға қайдан барсын? Сол үшін азаматтардың, әсіресе, бүгінгідей цифрлы Қазақстанда құжаты мен Конституциялық құқы қатаң қорғалуы тиіс.