Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР МАҚТАРААЛДА ӨТТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР МАҚТАРААЛДА ӨТТІ

«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданындағы С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында «Оқу мен оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.

Білім беру саласындағы іс-шараларды дамыту, білім беруді дамыту реформаларын жүзеге асыруда мұндай семинарлардың аймақтарда өтуінің маңызы зор. Оқу мен оқытуда ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы педагогтердің тәжірибесін тарату болып табылатын семинар өз мақсатына жеткен сияқты..

Семинарды «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша өкілдік басшысы Нурлыбаева Жанат Лесбековна, МАББ әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Исламова Ултуар Кудайбергеновна және мектеп директоры Айтынбетов Сұлтанбек Бейбітұлы салтанатты түрде ашып, бағдарламамен таныстырды және ашық сабақ өтетін ұстаздарға сәттілік тіледі.

Түркістан облысының қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының 174 педагог маманы қатысқан семинарда ашық сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамыту құзыреттіліктеріне бағытталған танымдық тапсырмаларды орындатуға басымдық берілді. Оған қатысушы бастауыш сынып мұғалімдері, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері өздеріне мол тәжірибе алғандарын айтуда. Жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гумантитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстағы үздік мұғалімдер семинарда өз тәжірибелерімен бөлісіп, десант сабақтар және коучингтер өткізді.

Семинар соңында Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша өкілдік басшысы Нурлыбаева Жанат Лесбековна жоғары деңгейде озат тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріп, мадақтама табыстады.