Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Өнертапқыштар мекені — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Өнертапқыштар мекені

Мақтааралда өнертапқыш өрендер көбейіп келеді. Бұл білім саласындағы шығармашылыққа тың серпін беру, білімді ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударудың нәтижесінде қол жеткізіп отырған табыстардың бірі десек болады.

Осының айғағы болар, жақында Мақтаарал ауданында облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасынан өнертапқыш өрендер іріктеліп алынды.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Байқау бірнеше номинациялар бойынша ұйымдастырылды. Байқауға оқушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар деп танылған талантты оқушылар алға суырылып шықты. Радиомен басқарылатын көлік модельдері 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги-10Э номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мекептің 5 сынып оқушысы Оралұлы Нұрасыл, әуе модельдері F-3-Р (пенолёт) моделі номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мекептің 5 сынып оқушысы Валижанов Шохжахон, әуе модельдері F-1-H планер моделі номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мекептің 6 сынып оқушысы Бахратов Алишан, кеме модельдері Ф -2 –А номинациясы бойынша Абылайхан атындағы №2 ЖББМ 4 сынып оқушысы Серікбай Бекнұр, Mini Eco Expert номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мекептің 6 сынып оқушысы Жаппар Ерзат, зымыран модельдері S6А – стример номинациясы бойынша А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мекептің 6 сынып оқушысы Агалиев Халил, тікелей жүретін автотрассалық модельдер (жартылай көшірме) 1/24 масштабтағы модель номинациясы бойынша Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Сейтбеков Дінмұхаммед жүлделі орындарға ие болды.

Олар енді байқаудың облыстық кезеңіне барады. Ауданда өткен іріктеу жарысында есімдері аталған өрендерге облыстық байқауға жолдама берілді. Облыстық кезеңге өткен оқушылар инновациялық жаңашыл идеялар байқауында өздерін тағы бір қырынан танытып, аудан абыраойын үлкен бәсекеде қорғайтын болады. Ұстаздары оларға сәттілік тілейді.