Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
«Мақтааралым – мақтанышым» — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

«Мақтааралым – мақтанышым»

Осындай тақырыпта Мақтаарал ауданы мектептеріндегі жас өлкетанушылар арасында байқау өтті. Бұл өскелең ұрпақты отаншылдыққа ғана емес, өз елінің тарихын, мәдениетін білуге ұмтылуға, ізденуге, кітап оқуға баулитын, насихаттайтын байқау. Мектеп оқушыларына өлке тарихы мен табиғатын, мәдениеті мен салт-дәстүрін ұғындыра отырып, қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру, балаларға аудан аумағындағы құстар мен жануарлар дүниесімен таныстыра отырып, табиғатты сүюге, оны аялауға баулу, балалар арасында саяхат, серуен, жорықтарды өткізе отырып, туған жердің қадір-қасиетін терең ұғынған, өлкесін сүйетін үздік жас өлкетанушыны анықтау және табиғатты қорғайтын жас натуралистер мен туристерді елге таныту мақсатын мұрат еткен байқау өз мәресіне жетті. Мән-мазмұны терең байқауды ұстаздардан бөлек ата-аналар да қызу қолдады. «Балаға берері көп байқау екен» десті олар.

Байқаудың шарты бойынша «Менің жерім – жер біткеннің төресі», «Таңдаулы 100 есім», «Өлкем жайлы өлең өріп, ән тербеймін» тақырыптары бойынша талапкерлер өз өнерлерін көрсетуі керек болатын. Шығармашыл жастардың өнерін арнайы комиссия бағалады.

Байқауда үздік нәтиже көрсеткендер арасынан жүлделі 1 орын Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖББМ оқушысы Налихан Нұрай Намазбайқызына бұйырды. Ал, жүлделі екінші, үшінші орындар №50 «Үлгілі» ЖББМ оқушысы Қасымханов Алихан Өмірханұлы мен Б.Соқпақбаев атындағы №48 ЖББМ оқушысы Шәріпбек Ұлту Сиезбекқызына берілді. Жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушыларының жетекшілеріде марапаттаудан тыс қалған жоқ. Білімді шәкірт тәрбиелеуде іс-тәжірибесін аямаған аяулы ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды. Олар, I орын – Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖББМ мұғалімі Реметова Феруза Хасанқызы, II орын – №50 «Үлгілі» ЖББМ мұғалімі Мусаева Гулнур Абдиханова, III орын – Б.Соқпақбаев атындағы №48 ЖББМ мұғалімі Исаева Жанар Исмайловна.

Сонымен бірге №31 «Береке» ЖББМ оқушысы Жумагулова Лаура арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.