Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ

Мақтаарал ауданындағы С.Рахымов атындағы  №4 жалпы білім беретін мектепте ерекше семинар өтті. «Lesson Study» білім сапасын көтерудің тиімді әдісі» тақырыбындағы бұл семинарға аудан көлеміндегі барлық білім беру мекемелерінен ұстаздар қатысып, тәжірибе алмасты.

Сабақты зерттеу арқылы ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса отырып, озық идея мен тиімді әдіс – тәсілдерді бөлісіп, тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан семинарға аудандағы барлық білім беру мекемелерінен ұстаздар қауымы қатысты. Ауданда білімді ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлінген. Нәтижесінде соңғы жылдары ауданның мақтанышына айналған оқушылар түрлі білім сайыстарында бәйгеден көрініп жүр. Бұл білікті ұстаздардың еңбегі.

Ал, С.Рахымов атындағы мектепте өткен семинарда зерттеу аясындағы зерттеу сыныбы ретінде алынған 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен Р.Момбекова «Дара және күрделі сан есімдер», 5 «В» сыныбында жаратылыстану пәнінен А.Байжанова «Елімізде тұруға қауіпсіз аймақтар» тақырыбында, 7 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен К.Икрамова «Healthy habits» тақырыбында зерттеу сабақтарын жүргізді.

Сонымен қатар 7 «А» сыныбында биология пәнінің мұғалімі А.Серперова «Жануарлардағы онтогенездің типтері» тақырыбында, геометрия пәнінің Г.Усанбоева 10 «А» сыныбында «Векторлардың скалярлық көбейтіндісі» тақырыбында әдістемелік ашық сабақтарды және коучтар: Ж.Тулибаева, А.Уристемова, Г.Аханова «Білім сапасын арттыруда белсенді әдістер қолдану» тақырыбында семинарға келген мұғалімдермен коучинг  ұйымдастырды.

Өткізілген барлық сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыруға септігін тигізер мол мәліметтер берілді. Педагог-психологтар Ж.Құлназарова мен Ә.Алдешова мұғалімдермен психологиялық тренинг жүргізді. Lesson Study –дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыратын ұстаздар шеберханасы.