Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде

Мақтаарал ауданында  Жаңа индустриалық саясатты жүргізу мен  көлік-логистика саласын дамыту, тұрғын үй саясатын жақсарту саласында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі тұрғындардың талайдан бері талап-тілегі бойынша қолға алынып, жүзеге асып отырғаны нысаны – Көкпарсай елді мекеніндегі көпір құрылысы.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «СЕрВИС НС» ЖШС-гі тарапынан Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-78 «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының 12+000 шқ көпір (Көкпарсай е/м) күрделі жөндеуден өткізілуде.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көпірдің ұзындығы 22,1 метр, ені 14 метрді құрайды. Қазіргі уақытта, көлік қозғалысына уақытша айналма жол ұйымдастырылып, демонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Көпір құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «ДанСтройПроект» ЖШС және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты бақылауда.