Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Соғыс сарбаздарын еске алды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Соғыс сарбаздарын еске алды

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданының аумағында орналасқан барлық Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.

Іс-шараның мақсаты — есімдері тасқа қашалып жазылған Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлерінің ерліктерін кейінгі буынға дәріптеу арқылы олардың бойына еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, патриоттық сезімдерін нығайту.

Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған топ Мырзакент кентіндегі Даңқ аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қалың көпшілік Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп қаза болған боздақтарды бір минут еске алды.

–Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасында  нағыз Отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек.

Осы зұлмат соғысқа біздің елімізден 1 миллион 500 мың қазақстандық қатысты. Ал, Мырзашөл өңірінен 12 мыңнан астам азамат аттанған болса, 3932 жауынгер ғана аман-есен елге оралған.

Соғыста жаумен аяусыз күрескен он бір жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Екі мыңнан астам тыл ардагерлері де, соғыс жылдарында еңбек майданында Жеңісті жақындату үшін аянбай еңбек етті. Бұл майдангерлер және тыл еңбеккерлері Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсете білді, — деді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Мұнан соң іс-шараға қатысушылар аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдараламаны тамашалады. Іс-шарада жауынгерлерге арналған патриоттық әндер айтылды.

Жиында аудан әкімі Бақыт Асанов «Жеңіс күні» мерекесімен барша жиналған қауымды құттықтап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі кешегі өткен батыр бабаларымыздың арқасы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров та сөз сөйледі.

Айта кетейік, Мақтарал ауданынан шыққан 11 жерлесіміз «Кеңес Одағының батыры» атағын алып, бүгінде олардың есімдері ескерткіштерге қашалып жазылған. Сондай-ақ, ауданда көшелердің, мектептердің, ауылдардың аттары осы батыр бабаларымыздың есімдерімен аталады.