Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан әкімі Бақыт Асанов, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаевтар тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын табыс етті.

«Бізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың, еңбек майданында жүрген әжелеріміздің ерлік ісі кейінгі ұрпаққа өнеге. Сол жандардың қайсарлығы мен табандылығының арқасында біз тыныш заманда өз Отанымызда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, келер ұрпаққа ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлау үшін тынбай жасаған еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес. Дендеріңізге саулық, сарқылмас күш-қайрат тілейміз!» — деді, Бақыт Насырханұлы.

Іс-шара барысында аудан басшысы жергілікті әкімдерге арнайы тапсырма беріп, ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және жергілікті медицина мамандары денсаулықтарын үнемі бақылап тұру керектігін ескертті.