Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Бақытты балалық шақ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Бақытты балалық шақ

Мақтаарал ауданында Мырзакент кентіндегі орталық алаңда 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара болып өтті. Оған аудандағы барлық білім мекемелерінен оқушылар және балабақша бүлдіршіндері қатысты.

Балалардың құқығын қорғау мен денсаулығын сақтауды, өскелең ұрпақтың рухани және физикалық дамуына жәрдемдесуді, демократиялық негізде білім мен тәрбие беруді, адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құруға үгіттеуді мақсат еткен іс-шара барасфында балаларға сый-сияпаттар жасалды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен өткен іс-шараға аудандық мектептерден 130 оқушы қатысып, концерттік бағдарлама ұсынды. Өнерлі оқушылар ән айтып, өлең оқып, биден шашу шашты. Жалпы 13 мектептің өнерпаз оқушылары концерттік бағдарламаға қатысты. Атап айтсақ: «Мырзакент»  МГ, «Болашақ» ЖББМ, «Береке» ЖББМ, С.Айни  ЖББМ, Қ.Аманжолов ЖББМ, С.Датұлы ЖББМ, А.Фердауси ЖББМ, 32 ЖББМ, Қажымұқан ЖББМ, «Мәдениет» жалпы білім беретін мектебінің өнерпаз өрендері белсенділік танытты.

Іс-шараны Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы ашып, оқушыларға өзінің ыстық лебізін, ізгі тілектерін білдірді. Концерттік бағдарлама басталып, іс-шара жалғасын тапты. Іс-шараның жабдықталуын, әсемделуін аудандық білім бөлімі қамтыды. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамту мақсатында білім бөлімі мен кенттегі мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары кезекшілік жасады. Шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Сәрсекбаев Қадір мырза мен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Әбдірахымұлы Арап мырза және аудандық әжелер алқасының төрайымы Құрбанбаева Шахзада ханым қонақ болып, балаларды мерекемен құттықтады.

Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор.

Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» — деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам бассын.

Жүздерінен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріне тек мейірім мен шапағат ұяласын. Мереке құтты болсын!