Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Тағамдық дәмдеуіштерге қойылатын талап бар — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Тағамдық дәмдеуіштерге қойылатын талап бар

Тағамдық қоспалар, дәмдеуіштер – тағамдық өнімнің дәмін, құрылымын, сыртқы түрін немесе сақтау мерзімін жақсарту мақсатында тағамға қосылатын заттар. Тағамдық қоспалардың кең таралған түрлеріне консерванттар, дәмді күшейткіштер, бояғыштар, тәттілендіргіштер, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар мен қоюлатқыштар, кептіруге қарсы заттар, антиоксиданттар жатады.
Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі Кеден Одағының 029/2012 «Тағам қоспаларының, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентімен реттеледі.
Тағамдық өнімдерді сатып алу кезінде өнім қаптамасында көрсетілген таңбалауға баса назар аудару қажет:
Тамақ өнімдерінде хош иістендіргіш болған кезде құрамын таңбалауда «хош иістендіргіш(тер)» деген сөз болуы тиіс;
Тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда «ГТА» деп көрсетілуі тиіс);
Құрамына тәттілендіргіш-қантты шәрбаттар кіретін тамақ өнімдері «Құрамында тәттілендіргіш (тәттілендіргіштер) бар. Шамадан тыс тұтынған кезде әлсірету әсерін береді (беруі мүмкін)» деген жазбамен толықтырылуға тиіс;
Құрамында бояғыштары бар (азорубин Е122, сары хинолин Е104, «күн шапағы» сарысы FCF Е110, ғажайып қызыл АС Е129, понсо 4R Е124 және тартразин Е102) тамақ өнімдері таңбалануында «Балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсерін тигізетін (тигізуі мүмкін) бояғыш (бояғыштар) бар» деген ескерту жазбасы жазылуға тиіс;
Құрамында 150 мг/л-ден асатын мөлшерде кофеині бар алкогольсіз сусындар және (немесе) адам ағзасына сергіту әсерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде емдік шөптер мен оның сығындысы «18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, сондай-ақ жүйке жүйесінің қозуымен, ұйқысыздық, артериалдық гипертензиямен ауыратын адамдардың тұтынуы ұсынылмайды» деген жазбамен таңбалануға тиіс.
Өз денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін жоғарыдағы айтылған тағам өнімдерін таңбалауына қойылатын негізгі талаптарға аса мән беруіміз қажет. Егер де сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

Ә. Төлебаев, Шымкент қ. СЭБД басшысы.