Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ТҰМАУ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ТҰМАУ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту үшін жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылуда. Дейтұрғанмен әрбір азамат денсаулығы өзінің қолында екенін де естен шығармағаны абзал. Осы мақсатта Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасында 16 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Екпе егу бірінші медицина қызметкерлерінен бастау алуда. Басшының емдеу ісі бойынша орынбасары Назым Нұрсағатқызы Сапарбекова бастаған медицина қызметкерлері екпені салдыруда.

Тұмау не үшін қауіпті?

Ол ауыр жағдайға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе, егде адамдар, кішкентай балалар мен жүкті әйелдер, диабет, жүрек ауруы немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруы секілді созылмалы аурулары бар науқастар үшін қауіпті.

Тұмаудың алдын-алу.

Тұмау-бұл жіті жұқпалық ауру. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Адамның тыныс жолдары қысқа, шырышты қабыршықтары жұқа, қорғаныш қабілеті төмен болғандықтан тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру. Ауру тез таралуымен, яғни тұмаудың асқынуы өкпе қабынуына әкеліп соғады.

Тұмауға қарсы екпені төменде көрсетілген тәуекел тобындағы азаматтарға жүргізіледі.
— медицина қызметкерлері.

— алты айынан асқан жиі ауыратын балалар.

— білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметтерін алушылар.

— жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдар.

— екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдер.

Вакцинацияға қарсы көрсеткіштер:

— тауық ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар.
— бұрын енгізілген тұмауға қарсы вакциналарға аллергиялық реакциялар.
— жедел фебрильді жағдайлар немесе созылмалы аурудың өршуі (вакцинация қалпына келгеннен кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізіледі).

— ауырлығы жеңіл ЖРВИ, жіті ішек аурулары кезінде вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі.

— 6 айға дейінгі балалар жасы,

— жүктіліктің бірінші триместрі

Гүлжаз Исаева,

Мақтаарал аудандық «Мырзакент»  ауруханасының Салауатты өмір салтын

қалыптастыру маманы.