Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Құйылмалы балмұздақтан абай болыңыз! — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Құйылмалы балмұздақтан абай болыңыз!

Көктем-жаз мезгілдері басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындардың қызметін бастайтыны белгілі. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, жұмсақ балмұздақтан уланып қалуыңыз әбден мүмкін.
Жұмсақ балмұздақты дайындау және өткізу үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын конструктивті автоматтар пайдаланады.
Автоматтарда жұмсақ балмұздақты дайындау кезінде дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес:
— құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған, қалпына келтірілген қоспаларды пайдаланады, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдаланылады;
— шикі, пастерленбеген сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді;
— тек оларды дайындаған орындарда ғана өткізуге жол беріледі;
— қоспалардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;
— автоматтар үшін пайдалануға дайын тағамдық компоненттерді сақтау осындай тамақ өнімдерін дайындаушы белгілеген сақтау жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады;
— қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшаларының жұмыс орнында болуы;
— нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы;
— жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына, пайдалануына қойылатын талаптардың сақталуы қажет.
Бүгінгі таңда аталған сауда нысандары эпидемиялық мәні болмашы нысандар тізіміне еніп, Қазақстан Республикасының № 360-VI ҚРЗ 07.07.2020ж. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 24 бабы негізінде қызметін бастағандығы жөнінде хабарлама берумен шектеліп, кесте бойынша тексеруден босатылған.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының 4 тармағына, 5 тармақтың 3 тармақшасына сай нақты фактілер мен мән-жайлар, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер көрсетілген жазбаша арыз-шағым мен мемлекеттік органдардың тапсырмалары негізінде ғана жоспардан тыс тексеріледі.
Сондықтан, тұрғындардан жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болуды сұраймыз, өйткені мұндай өнімдер тез бұзылады. Жұмсақ балмұздақ сатып аларда, нысанның санитариялық жағдайы сізге ұнамаса немесе күдік туғызса, өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!
Жұмсақ балмұздақты тұтынғаннан кейін денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі т.б.) пайда болған жағдайда, тез арада дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!

Ә. Төлебаев — Шымкент қ. СЭБД басшысы