Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
«Ашық есік» күні өтті — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

«Ашық есік» күні өтті

Мақтаарал ауданында денсаулық сақтау саласында көптеген іс-шаралар өтуде. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын жүзеге асыруда аудандық денсаулық сақтау бөлімі келелі істердің басы-қасынан табылуда.

Соның бірі 5 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында өткен «Ашық есік» күні. Бұл іс-шара Отбасы күніне орайластырылды. «Ашық есік» күніне келгендерге репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша дәрігерлік кеңестер беріліп, тағлымды, танымды ақпараттар айтылды.

Аудандық «Атакент» ауруханасының психолог маманы Нурсалбидинова Лаура Шакардиновна жүкті әйелдерге және отбасын құруға дайындалып жүрген жастарға өз кеңесін беріп, қабылдау өткізді.

Отбасын жоспарлаудың негізгі мақсаты – ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Десе де осы бір жауапты іске жүрдім-бардым қарайтындар жоқ емес. Әсіресе, қалаулы бала, дені сау ұрпақ өргізу ісінде жауапкершілікті екі есеге арттыру керектігіне мән бермейтіндер бар. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.

Осындай тақырыптарда тәлімді кеңес берген дәрігерлер келушлілердің ризашалығына бөленді. Іс-шара барысында аурухананың акушері Есимова Динара Орынбасаровна отбасын жоспарлау, прегравидарлық дайындық,  дені сау балалардың дүниеге келуі, әйелдің денсаулығын сақтау, жүктілік аралықтарын реттеу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы ақпараттар берді. Бұл болашақ аналарға үлкен көмек болғаны анық.