Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Жегенін қайтарса, жазадан құтыла береді ма? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Жегенін қайтарса, жазадан құтыла береді ма?

Қазақстан сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте қай орында екенін білмеймін, бірақ көңілден шығатын деңгейде еместігі анық. Оған қарапайым мұғалімнен бастап, Үкімет басқарған тұлғаларға дейін сотты болуы дәлел бола алады. Жемқорлық оқиғасы біздің мектепте де орын алды. Директорымыз пара алу бабымен сотты болды. Алайда, ол айыппұл төлеумен құтылып, қазір ештеңе болмағандай бұрынғы жұмысын жалғастырып жатыр.

Осы аралықта директордың қызметін уақытша атқарған азаматтар да мемлекеттің қаржысын оңды-солды шашып үлгерді. Жұмыс істемейтін адамдарға ақша жазып, оны өзі мен таныстарының есеп шоттарына аудартып отырған. Мұны ешкім білмейді деп ойласа керек, бірақ бәрі әшкере болып қалды. Арыз жазылып, «аудиттен» келген тексерушілер қаржыны мемлекетке қайтартты. Енді бұл заңсыздыққа жол бергендердің тағдыры не болар екен деп ойлағанбыз. Ештеңе де болмады. Олар да қызметтерін емін-еркін жалғастырып жүр. Сотталмай-ақ та қойсын, мейлі жұмыстан да қуылмасын, бірақ, өзіне және өзгелерге де өмірлік сабақ болу үшін тым болмаса қызметін төмендету керек емес пе еді? Оңай олжаның дәмін татып ол енді директор болуға ұмтылып жүр. Директор болса, бұрынғы қылмысын әрі қарай жалғастырмасына кім кепіл?

Мұны көріп-біліп отырған жастардың санасында қандай ой қалыптасады? «Қолда барда қоныштан басып, байып алу керек екен, бәрібір сотталмайсың, біліп қалса айыппұлын төлеп, жұмысыңды жалғастырып жүре бересің» деп ойлауы мүмкін бе? Әбден мүмкін, тіпті оған талас та жоқ. Сонда біз өзімізден кейінгілерге қандай үлгі, қандай жол көрсетіп жатырмыз? Бүгінде қазақ елі есімін жиіркенішпен еске алатын Сталиннің кезінде мемлекеттің қаржысын жымқырғандарға қандай жаза қолданып еді? Атылды. Мұндай қатал заң Қытай елінде қазір де қолданылады. Есесіне, шенеуніктер халықтың несібесіне қол салудан қорқады. Бізде халықтың ақшасын ұрлағандардың қызметі өсіп, халық арасында құрметті адам болып жүре береді. Осыдан кейін мемлекетіміз қалай дамиды, қалайша зайырлы мемлекет боламыз?

Естуімізше Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Шардара аудандарында бөтен адамдардың атына ақша жазып, қаражат жымқырғандар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр екен. Ал біздегілер тым құрығанда ескерту де алған жоқ. Осы әділдік пе? Заң бұзғандар міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік қызметте отырғанның бәрі жемқорға айналмасына кім кепіл?

Тілләгүл Байсейітова,

Сайрам ауданы.