Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
  Біліктілікті арттыру курсының берері мол — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

  Біліктілікті арттыру курсының берері мол

Мемлекеттік тілді дамыту үшін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері ұстаздарының пәндік және кәсіби құзіреттіліктерін дамыту тақырыбында білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының  біліктілігін арттырып отыру қажет. Осы мақсатта біліктілік арттыру курсы 27 мамыр мен 07 маусым аралығында Мақтаарал ауданының Қ.Мүсірепов мектебінде ұйымдастырылды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» курс кураторы Жаңагүл Күжімова болды.

30 мұғалім қатысқан курстың оқу жоспары аясында 31 мамыр күні «Қысқа мерзімді жоспарды тиімді жолдармен  құрастыру»  тақырыбында  ашық сабақ өттік. Сабақ басында педагогтар таныстырылым жасады. Өлең шумақтарын табу арқылы төрт топқа бөлініп, өзара тәжірибе алмасты. Тақырып мақсатына сай әдіс-тәсілдерді қолданып, тақырыпты аша білді. Сабақ барысында тапсырмалар беріліп, бағаланды. Драмалық қойылымдар көрсетілді, шығарма  кейіпкерлерінің образын тыңдаушылар жоғары деңгейде сомдап алып шықты. Сабақ өте әсерлі де қызықты өтті. Ашық сабақ соңында рефлексия беріліп, қорытынды жасалды.

Бұл ашық сабақтың тиімділігі — педагогтар ашық сабақтан қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсатына қарай тез арада және мақсатқа сай жасау жолдарын, қажетті әдіс-тәсілдерді таңдап орынды қолдануды, топтық пен жұптық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу бойынша білім мен дағдыларымызды жетілдірдік. Біліктілікті арттыру курсы аясында «Lesson study» зерттеу сабағы аясында жаңа қысқа мерзімді жоспарлау және де тиімді әдіс-тәсілдерді оқу мақсатына жету жолында тиімді қолдана білуге үйретті. Сабақ соңында күнделікті кері байланыс алып отырды. Ұстаздар өз білгендері мен жаңа алған білім-біліктерімен бөлісіп отырды. Күнделікті тапсырмаларды орындап, өзара тәжірибе алмасты. Курс кураторы Жаңагул Төребекқызы өз білімімен бөлісіп, білім мен білігімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен септігін тигізді. Курс кураторымыздан көп нәрсе үйреніп, көкейімізге түйдік. Алдағы уақытта осы алған білімді іс тәжірибемізде қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімім мол.

Жаңагул Төребекқызы, сізге курс қатысушылары атынан шығармашылық табыс, зор денсаулық, еңбегіңізді ақтайтын шәкірттеріңіз көп болуын тілейміз.

Мұратбек Ақкулиев,

Т.Әубәкіров атындағы 43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі, Мақтаарал ауданы.