Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шымкентте Құрбандық шалатын арнайы орындар бар — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шымкентте Құрбандық шалатын арнайы орындар бар

  • Артық болмас білгенің

 

Шымкенттегі барлық мешітте 16 маусым таңғы сағат 6:00-де «Айт намазы» оқылады. Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу рәсімі өтеді. Осыған орай, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мамандары малдан жұғатын аса жұқпалы аурулардың таралып кетпеуі үшін сақтық шараларын ұстануды ескертеді. «Мал сою бекеттерінде тәртіп пен тазалықтың сақталуына мән берген дұрыс» дейді.

Құрбандыққа шалатын малдың бірдейленуі, яғни құлақ жапсырмаларының болуы, АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандық малының №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп, тек бекітілген орындарда сойылуы қажет. «Сонымен қатар, алынған етті балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасының болуы және тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс екенін де ескерсеңіздер» дейді мамандар.

Шымкент қаласы аумағында мал союға арналған 3 орын бекітілді. Олар: 1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі н/з. Байланыс телефоны: 8775 930 64 44

  1. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық- 3 тұрғын алабы №1989 учаске. Байланыс телефоны: 8701 392 83 09
  2. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске. Байланыс телефоны: 8778 122 31 11.

Айтпақшы, онлайн режимде де құрбандық шалуға болады. Көпқабатты тұрғын үйде тұратындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты жұмыс істейтінін де еске салғымыз келеді.