Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Шымкенттегі сыра зауытын кім сатып алды? — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Шымкенттегі сыра зауытын кім сатып алды?

Бұған дейін Тоқтар Төлешовтың меншігінде болып келген әйгілі сыра зауытының «басынан бағы тайғалы» қашан. Қожайыны істі болып, түрмеде жатқандықтан оған тиесілі мал-мүлік соттың шешімімен тәркіленген. Тәркіленген кей мүліктің сатылымға шыққаны, мемлекет меншігіне алынғаны да белгілі. Десе де, «Шымкенттің салқын сырасы» деп ән де арналып кеткен зауыттың егесі жоқ-тын. Бар болса да кім екені белгісіз боп келгені рас.

Олай дейтініміз, жақында осы зауытты сатып алған белгілі кәсіпкер, (кәсіпкерлігінен гөрі «әйгілі продюсер Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуі» деп елге таныс) Тұрсен Алагөзов «Зауытты Төлешовтен сатып алғаным жоқ» деп мәлімдеді.

Жалпы, осы зауытты «Тұрсен Алагөзов сатып алыпты» деген ақпарат лезде таралды. Расында да ол сыра зауытынс атып алған. Және өзінің айтуынша «бұған дейінгі түрлі қарыздарымен қосып» сатып алған. Бұл жайлы Т.Алагөзов Forbes Kazakhstan youtube арнасына берген сұхбатында анық айтты.

«Төлешовпен жеке таныстығым жоқ. Зауыт бантің ба белгілі бір ұйымның ба меншігінде болған. Өстіп жүріп кәсіпорынның лицензиясы жоғалған. Егесі жоқ зауыт екі жылдан бері жұмыс істемей тұр екен. Әбден тозған. «Шымкент сыра зауытын сатып алсаң қайтеді?» деген ұсыныс түскенде зауыт туралы егжей-тегжей ақпарат жинап, танысып шықтым. Екі жылдан соң өзінің 50 жылдық мерейтойын тойлауға тиісті кәсіпорын құлдырау үстінде. Сонда да қызықтым. Сатып алуға келістім де, биыл ақпан айының соңында сатып алдым. Әлі күнге өзіміздің брендтік сырамыз жоқ. Сонда патриоттығымыз қайда? Сыраның бәрі шетелдік брендтер. Сол үшін өзіміздің сыра зауытын дамыту керек деп шештім» дейді Т.Алагөзов.

Кәсіпорынның банк алдындағы қарызынан бөлек, салығы да қордаланып қалған екен. «Бұның бәрі маған дейін болғанымен, амал жоқ сол қарыздарымен бірге қабылдауыма тура келді. Зауытқа барғанда адамдардың көзінен «Алагөзов не істей алады екен» деген сұрақты көрдім. Сөйтіп, Европадан арнайы мамандар шақырдым. Біраз өзгеріс жасап жатырмын. Бірақ 1972, 1982 жылдары салынған кейбір тарихи нәрселерді қалдырдым. Негізгі мақсатым — Шымкенттің сыра зауытындағы тарихи мәртебесін қайтарғым келді. Бұл — отандық бренд қой. Біз қазір белсенді түрде реконструкциямен айналысып жатырмыз. Барлық құрылғыларды ауыстырдық.  Өзгерістерге екі жылға жуық уақытта 10 млрд теңге жұмсаймыз деген жоспар бар. Шымкент сыра зауытын бұрынғы 20-30 жыл бұрынғы атағына қайтарамыз деген үмітім бар. Тұрғындардың «бұл біздің Шымкенттікі» деп мақтанғанын қалаймын» дейді ол.