Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Дені сау ұлт қалыптастыру жолында — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Дені сау ұлт қалыптастыру жолында

Бүгінгі медицина мамандарының алдында тұрған басты міндеттің бірі қоғамда – дені сау ұлт қалыптастыру жолында аянбай тер төгу. Бұл орайда әрбір азаматтың салауатты өмір салтын құруы, дерк езінде медициналық көмекке жүгінуі жолындағы насихаттық жұмыстар тоқтамақ емес. Ал бала жастан денсаулыққа мән беру, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру жаттығуларын жасау тұрғысындағы тәлім-тәрибенің маңызы зор.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының мамандары «Ашық есік» күнін ұйымдастыра отырып, кішкантай балақайларға осы қағидаларды ұғындыруға тырысты.

«Дені сау бала» кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена шаралар сақтау бойынша ағарту жұмыстары жүргізілді.«Ашық есік» күні балаларды алдын ала жазылусыз келесі мамандар қабылдау жасап, диагностикалық тексерулер жасады: Іс-шара барысында балаларды алдымен педиатрлар, содан кейін бейінді мамандар: хирург, стоматолог, невропатолог,психолог мамандарынан тексеруден өтіп, кеңестер берілді.

Сонымен қатар, «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы мен ауруханаға қарасты, атап айтсақ «Ақ жол», «Дихан», «Иржар», «Еңбекші», «Жеңіс», «Алғабас», «Достық»  дәрігерлік амбулаторияларында да дәл осындай «Ашық есік» күні өтті. Ашық есік күні балалар Педиатр дәрігерінен тексеруден өтті. Дәрігерлік амбулаторияға келген балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған тақырыпта асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Жас аналарға «Дұрыс тамақтану ережелері» тақырыбында тамақтануды түзету арқылы денсаулықты нығайту мәлелері бойынша кеңестер берілді. Тұрғындар дәрігерлер тарапынан берліген кеңестерге ризашылықтарын білдіріп жатты.