Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
«МЫРЗАКЕНТ» АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

«МЫРЗАКЕНТ» АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында өткен аппарат жиынында аудан әкімі Бақыт Асанов аудан активіне «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігерін таныстырды.
Біршама уақыттан бері Мақтаарал ауданының орталығындағы аудандық «Мырзакент» ауруханасында бас дәрігердің орны бос тұрған болатын.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен 2024 жылдың 09 шілдесінен бастап «Мырзакент» аудандық ауруханасына Тұрсынханов Мұқан Шыңғысханұлы басшы болып тағайындалды. Аудан басшысы аурухана бас дәрігерінің жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медицина қызметін керектігін атап өтті. Кейбір мәселелерді шешу үшін белсенді жұмыс жүргізу керектігін еске салды.М.Тұрсынханов 1965 жылы Мақтаарал ауданында туылған. 1989 жылы Ақтөбе медициналық институтын «Педиатрия», 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина саласында 35 жылға жуық тәжірибесі бар білікті басшы қазіргі жұмысына тағайындалғанға дейін Шымкент қаласындағы қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшының жұмысына сәттілік тілейміз.