Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ МАҢЫЗДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ МАҢЫЗДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасына енген тармақтардың нақтылы іске асырылу барысымен танысып шықты. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы Асановпен бірге партия өкілдері қабылдап, бекіткен кешенді іс-жоспардағы нысандарды аралады.

Тұрғындардың сұраныстары мен жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың жоба-жоспарларының негізінде түзілген Жол картасында, биыл Мақтаарал ауданы 2 медициналық нысанды пайдалануға беру көзделген.  «Дені сау ұлт» жобасы аясында еліміздің әрбір тұрғыны үшін сапалы, әрі қолжетімді медициналық қызмет ұсыну басты назардағы мәселе. Ал, бұл мәселенің халқы тығыз орналасқан Мақтаарал ауданы үшін шешімін таубы үлкен жетістік. Денсаулық сақтау бағытындағы ұлттық жоба аясында ауданда атқарылып жатқан игі істер айтарлықтай.

Жаңадан бой көтеріп жатқан медициналық нысанның құрылысы итолығымен аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілген шақта салаға қатысты бірқатар түйіткілдердің түйіні тарқатылатыны анық.

Сондықтан да  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев пен аудан әкімі нысандардың құрылыс барысымен танысу барысында кемшіліктерді тез арада жойып, жұмысты сапалы атқаруға қатысты мердігер компания өкілдеріне тапсырмалар берді.

Ал партияның аудандық филиалында өткен кездесуде партияның аумақтық құрылымының төрағасы Мұхтар Сәрсенов партия филиалының атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Аудан әкімі мен партияның жауапты қызметкерлері қатысқан жиында партиялық қызметті ұйымдастырудың мәселелері, партия қатарын белсенді азаматтық қоғам өкілдерімен толықтыру, бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру, партиялық жобаларды тиімді іске асыру міндеттемелері қарастырылды.