Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мақтаарал: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мақтаарал: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді

Жетісайдан бөлініп шыққанына бес жыл енді толған Мақтаарал ауданында аз уақыттың ішінде жапңа индустриалық саясатты дамытуға негізделген әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Тұрғын үй саясаты, ауыз сумен қамтамасыз ету шараларының шарапатын көріп отырған аудан тұрғындары уақыт өткен сайын аймақтағы ілгерілеушілікке риза болуда.

Ауданда жаңа үйлер ғана емес, тұтастай шағын аудандар бой көтеріп, көптеген мұқтаж жандар баспаналы болуда. Ескірген инфрақұрылым жүйелері қалпына келтіріліп, жаңартылуда.

Аудан әкімі Бақыт Асановтың айтуынша аймақтағы шешімін күткен негізгі 7 мәселегенің де түйіні тарқатыла бастаған. Атап айтқанда, Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет үйі мен кітапхананың, Өркениет елді мекенінде 200 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда жаңа мектептің кадрлық, қаржылық мәселелері тиянақталуда. 1 қыркүйекте толыққанды оқу процесін бастау жоспарлануда екен. Сондай-ақ, Шапағат елді мекеніне тартылған газ жүйесінің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 26,7 млн. теңге қаржы қаралып, тұрғындарға табиғи газ пайдалануға берілген. Өркениет ауылындағы А.Құлбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтобетон жабындысы төселді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 30 дана тұрғын үйді сатып алу мақсатында Республикалық бюджеттен 288 млн. теңге қаржы қаралып, 26 отбасыға баспана кілті табысталды.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Мырзакент кентінде спорт кешенінің құрылысы ел игілігіне ұсынылып, Атакент кентінен дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысына қаржы қаралды. Бұйыртса ол қыркүйек айында пайдалануға тапсырылмақ. Атакенттегі ПУИД-2 жобасының 3-ші кешені бойынша жауапты мердігері израильдік «Тахал» компаниясы жұмысты сапасыз атқаруына байланысты құрылыстан шеттетіліп, ол міндет ирандық «Тунель Сад Ариана» компаниясына өткізілді. К-20-50 каналының құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2025 жылға өтпелі. Атакенттің орталық бөлігіндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары аяқталған соң, Желтоқсан көшесіне аяқ жол салу ісі жүзеге асырылады. Сонымен қатар, А.Қалыбеков, Жаңажол және Мақтарал ауылдық округіндегі ауыз су жүйелерін қайта құруға бюджеттен қаржы қаралған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімдеріне қойып отырған басты талабы да осы. Тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, тұрмыстық түйіткілдерді шешіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына мән беру. Бұл орайда аймақты дамытуға қажетті өңдеуші саланы жеделдету, жергіліктендірудің жоғары үлесі бар өндірістерді дамытуға көңіл бөлудің маңызы зор. Бүгінгі Мақтаарал бұл салада дамудың көшіне ілесуде.